Бірлік туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 08-12-2019 1379

Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,

Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.


Бірлеспеген білек әлсіз.


Елдің елдігі - аузының бірлігі,

Ердің ерлігі - етінің тірлігі.


Біріккен жүз бытыраңқы мыңды алады.

Картинки по запросу бірлік

Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.


Бірлікте болсаң - билікте боласың.


Екі ауыз біріксе,

Кер ауызды басады.


Бірлікті малға сатсаң - антұрған.


Біріккен екі бірлігі жоқ жетіні жеңеді.

Су қоры (реферат)
Озон қабаты (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу