Қазіргі қазақ қоғамындағы гендрлік интелект. Философиялық аспект

Oinet.kz 18-09-2020 758

Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде елімізде гендрлік саясат өз жүйесін тапқан. Әлем елдерін айтар болсақ, саяси мінберлерге көтерілген азаматшаларға тосқауыл жоқ. Десек те, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әсерінен зардап шеккен әйелдердің әлде де қоғамымызда бар екендігін жоққа шығара алмаймыз.

image.png

   Гендер (ағылш. Gender)  қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс. Гендер биологиялық айырмашылығына емес,қоғамның әлеуметтік ұйымына бағынышты ерлер мен әйелдер қызметінің теңдігін белгілейді.  Гендерлік саясат әйелдерге теңдік пен қоғамның барлық салаларындағы белсенділікті қамтамасыз етеді. Гендерлік саясат нәтиже көрсету үшін әйелдер саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласуы қажет.

  Қазіргі қазақ қоғамындағы гендрлік интелект дәстүрлі ойлаумен астасып жатыр. Яғни, әйелдер отбасында ана, жар статусына ие. Ал қоғамда өзінің қалаған мансабына ие болуға мүмкіндігі мол.  Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді. Себебі, балалардың туылуынан өсуіне дейінгі процесс әйелдердің мойнында. Қазақ әйелдері отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Тұрмыстың бітпейтін шаруаларын да әйел атқаруы тиіс іс деген түсінік қалыптасқан.  Ерлер мен әйелдердің құқықтары тең деп Қазақстан республикасының конституциясында көрсеткенімен, әйелдерге қатысты актуальды мәселелер жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптаған. 

 Әйел адамдардың құқығын қорғайтын әлеуметтік ұйымдар жеткілікті. Бірақ та, біздің қалыптасқан менталитетке сап қарап, жабулы қазан күйі қалдыратын азаматшалар жеткілікті. Қоғам әлеуметтік қатынастарды реттеуге талпынады. Заңдар соған бағытталып жұмыс атқарады. Жалқылар, яғни қоғамның кей  мүшелері бұл ойды жоққа шығарып, әйелдердің құқығын шектейді.

image.png

 Әйел-жар, ана, нәзік болмыс. Тоқсаныншы жылдарда отбасын асыраудың жүгін алған әйелдерді көріп өскен перзенттер қазіргі қоғамдық ойды қалыптастырды.   Қазақстандағы кәріқыздардың көбеюі де тұрмыс құруға деген фобияны туындатқан бала кездегі отбасыдағы жағдай. Қыз балалардың индивид болып, карьера құруы отбасындағы әке ролінің игерілмеуінен. 

 Әйел теңдігі қазақ жерінде  XX ғасырдың басынан сөз болды. Өзектілікке ие болып қыз балалардың оқуға құқығы мен  тұрмыс құрудағы еркі қайтарылды. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармалар жинағында кеңінен сөз болатын әйел теңдігі. Әпербақан заманда ол түсінікті асыра сілтеп пайдаланып, көп әйелдің тағдыры тәлкекке түседі.  Әңгімелерді оқи отырып көп тұтынса, балдың да ащы болатындығын ұғамыз.

 Соғыс жылдарындағы, тың игеру кезіндегі , әйелдердің еңбектегі басыңқы ролі әйелдерге тұрмыстың жүгін артты. Тарихты сөз еткен себебіміз, өткен шақтығы форма қазіргі интелекттің қалыбын құрады.  

 Бұрынғы қазақ қоғамында әйелдердің орны тек  қазан-ошақтың маңында болмады.Сәті түскенде жауға шапқан батыр қыздарымыз жеткілікті. Сақ дәуірінде Томирис, Зарина іспетті көсем әйелдер болды. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Гауһар ана, Назым қыз іспетті образдарды жоққа шығара алмаймыз. Бәйдібек бидің Нұриласы, Жиренше шешеннің Қарашашы шешен әйелдердің өткірлігінің символы. 

 Тарихи образдарды сараласақ, ақын Сара да Біржан салды сөзден жеңіп тұрып, қалауынсыз қосылғалы тұрған күйеу жігітінің жайы сөз болғанда мүлт кетеді ғой. Қазіргі қазақ қоғамының гендрлік интелектіне жаңалық осы тұста енеді. Яғни, қыздар жар таңдауда тәуелсіз құқыққа ие.

  Бүгінде гендрлік саясаттың тісі батпай жүрген тұрмыстық зорлық-зомбылық қана.Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан елімізде жыл сайын 2009 жылғы мәлімет бойынша  500 әйел құрбан болады. Отбасындағы қысым елдің мәдениетіне, экономикасының дамуына немесе наным-сенімге байланысты емес. Ол индивидтің интелектісіне байланысты.  Әр адам мемлекеттің азаматы болғандықтан, оны қорғау мемлекетке жүктеледі. Жанама түрде қоғамға жүктеледі. 

  Әлеуметтік ой-пікірдің қалыптасуына әр адам құқылы. Өз ойын яки ұстанымын орындата білу жігерлілік пен батылдықты талап етеді. Ой-жұқпалы болмыс.  Сіздің кез келген тақырыптағы пікіріңіз маңызға ие. Жынысқа байланысты қоғамдық пікір де солай. Бейжай қарайтын азаматтар мен азаматшалардың тарапынан статистикалық мәліметтер ресмейлікке кем де кем жағдайда ие. Көп ақпарат бейресми титулда қалып қояды.

Гендер – әлеуметтенудің еңбек бөлінісінің  және қоғамда қалыптасқанн белгілі бір мәдени нормалар, рольдер стеоротиптердің белгілі бір жүйесі арқылы қалыптасады.  Қоғамда қабылданған гендерлік нормалар белгілі бір тұғырда адамдардың беологиялық жынысына қарай психологиялық сапасын, мүмкіндіктерін, іс-әрекетін, мамандығын анықтайды. Қазақстан Республикасындағы гендірлік саясат стратегиясы 2005-2015 жылдарға арналған «Әйелдер мен еркектер арасындағы құқықтар мен мүмкіндіктердің теңдігі- саналанған қажеттілік» атты бағдарламада нақты көрсетілді. Стратегия бағдарламада гендірлік ұғымның түсінігі , мәні, мақсаты, жағдайды талқылау, басым бағыттары мен әлсіз тұстары, мүмкіндіктері көрсетілген және саяси өмірдегі, қоғамдық өмірдегі гендірлік теңдікке жету жолдарының стратегиясын көрсеткен. 

 Еркектер мен әйелдердің мүмкіндіктерін қамтамасыз етуде 1998 жылы Қазақстан Республикасы жанынан отбасы және әйелдер мәселесінде Ұлттық коммисия құрылды. 1999 жылы үкімет еліміздегі әйелдердің жағдайын жақсартуға байланысты ұлттық жоспар құрды. Бүгінгі таңда оның сексен пайызы орындалған. Қазақстан адам құқықтарын қорғауға байланысты 60  халықаралық ұйымға мүше мемлекет. Солардың арасында әйелдерге қатысты қысымның барлық түрін жою туралы Конвенция да бар.  Атап өткендеріміздің барлығы әйелдердің қазіргі қоғамдағы орынын сипаттайды. 

Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді. Қоғамда қалауын орындай алмайтын адам-құл.  Біздің қоғамда ұлтына, нәсіліне, жынысына байланысты шектеу жоқ. Яғни қалай білген адам, қалауын орындайды.  Әйелдер мен ерлер арасындағы айырмашылық күрделі сипатқа ие. Қоғамда әйелдер мен ерлердің мәртебесі үнемі өзгеріп отырады және бұл үдеріс сақталады.

Суреттер ашық дереккөзден алынды. 

Ашық сабақ. Мен қазақпын. Отан туралы. Отанды сүю. Туған жер
Сын есімнің шырайлары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу