Қожанасыр хикаялары. Есегіме ұқсайды екенсіз

Oinet.kz 06-10-2017 877

Kitap.kz - онлайн платформа

Бір күні Қожанасыр жолаушылап жүріп, сол маңды билеп тұрған ханмен кездесе қалыпты. Хан отырып: - Менің Алмашұбар деген атым бар, шапқанда көз ілеспейді, - деп мақтанады. - Менің асыл текті есегім бар. Ақырса даусы айшылық жерге жетеді, - дейді Қожанасыр. - Мен ақырғанымда қызметші нөкерлерім: «Құдіретті ханымыздың дауысы арыстанның ақырғанынан да күшті», - деуші еді, сенің есегің менен де қатты ақыра ма? – дейді хан. - Тақсыр, сіздің ақырғаныңызды естіген жоқ едім. Айқайлаңызшы, көрейін, -дейді Қожанасыр.

Хан тамағын қырнап-қырнап алып, айқайлап қоя беріпті. Сонда Қожанасыр: - Тақсыр, шынында да, өзіңіз менің есегімдей екенсіз, - депті.

Ертегі. Бір жарым дос
Сабақ жоспары: Ғ.Мүсірепов «Өлімді жеңген ана»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу