Филология. Реферат. Эмоционалдылық жəне оның тілдегі көрінісі

Oinet.kz 12-09-2020 833

Эмоционалдылық мəселесін жүйелі түрде зерттеу қазіргі қазақ тіл білімі үшін өзекті мəселелердің бірі. Эмоция – адамның түрлі тіршілік жағдайына қанағаттануы немесе қанағаттанбауына байланысты туатын психологиялық күй. Адам өзінің сан қырлы эмоциясын тіл арқылы сыртқа шығарады, адамның түрлі эмоциялық күйі де тіл арқылы бейнеленеді. Эмоция адамның көңіл-күйіне байланысты түсінік болғанымен бүгінгі күнге дейін эмоционалдылық мəселесі экспрессивтілікпен бірге қарастырылып келеді. Лингвистикалық сөздікте экспрессивтілікке төмендегідей анықтама беріледі: «совокупность семантико-стилистических признаков единицы языка, которые обеспечивают ее способность выступать в коммуникативном акте как средство субъективного выражения отношения говорящего к содержанию или адресату речи» [1, 402 с].

Қазақ тіл білімінде эмоционалдылық пен экспрессивтілік мəселесінің қарастырылуын шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Біріншісі, арнаулы орта жəне жоғары оқу орындарына арналған қазақ тілінің оқулығы, оқу құралдарында берілуі, сондай-ақ ғылыми басылым ретінде жарық көрген жəне тілдің лексикология, стилистика немесе басқа мəселелерін қарастыру барысында айтылған мəліметтер, ал екіншісі соңғы жылдары қолға алына бастаған, эмоционалдылық пен экспрессивтілік арнайы зерттеу нысаны етіп алынған жұмыстар. Мəселен, Х.М. Нұрмұқановтың «Эмоционально-экспрессивная лексика драматургических произведении М.Ауэзова» атты кандидаттық диссертациясы (1969), Ш.И. Нұрғожинаның «Эмоционально-экспрессивная лексика казахского разговорного языка» атты кандидаттық диссертациясы (1989), З.Х. Ибадильдинаның «Эмотивная лексика казахского и русского языков» атты кандидаттық диссертациясы (1997), А.Ғ. Сембаеваның «Көркем шығармалардағы эмоционалды-экспрессивті лексика (О. Бөкеев шығармалары бойынша) (2002), Б.С. Жонкешовтың «Эмоционалды бірліктердің тілдік табиғаты (семантика, сөзжасам, фоносемантика)» атты кандидаттық диссертациясы (2006), А.А. Мұсабекованың «Қазіргі қазақ публицистикасында экспрессия мен эмоцияны білдірудің тілдік құралдары» атты кандидаттық диссертациясы (2004), К.С. Сарышованың «Қазақ тіліндегі эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдер» атты кандидаттық диссертациясы (2006). Қазақ тіл білімінде жазылған еңбектерде эмоционалдылық пен экспрессивтілік негізінен бірге қарастырылып келген болса, жоғарыда аталған арнайы зерттеу жұмыстарының бірқатарында эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің бөлек-бөлек зерттеу нысаны ретінде алынуы, ара жігінің айқындала бастағандығының көрінісі болса керек.

Эмоция тілде фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлерде көрініс табады. Бірақ эмоциональдылық мəселесі қазақ тіл білімінде негізінен лексика-семантикалық яғни, эмоционалды-экспрессивті лексикалық бірліктер тұрғысынан жəне стилистикалық деңгейде қарастырылып жүр. Фоносемантикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейде басқа мəселелерге қатысты сөз болғаны болмаса, арнайы зерттеу нысанына айналмаған. Эмоция сияқты психикалық қалыптың тіл арқылы көрінісін ғылыми-зерттеу жұмысының нысаны ретінде алып арнайы қарастыру, əсіресе тілдік стиль түрлеріне, мəтін түрлеріне қатысты зерттеу жүргізу қазақ тілі білімінде соңғы жылдары қолға алына бастаған мəселелердің бірі.

Тіл білімінде эмоционалдылық, экспрессивтілік, бағалауыштық мəселелеріне қатысты айтылатын пікірлерде де бірізділік жоқ. Зерттеу жұмыстарының көпшілігінде эмоция, эмоционалды, экспрессивті, эмоционалды-экспрессивті сөздері бірінің орнына бірі қолданыла беретіндігін байқауға болады. Кейбір лингвистикалық еңбектерде ешқандай эмоциялық мəні, реңкі немесе бейнесі жоқ сөздерге қатысты да эмоционалды-экспрессивті немесе экспрессивтіэмоционалды терминдерді қолданыла береді. Ш.И. Нұрғожинаның «Эмоционально-экспрессивная лексика казахского разговорного языка» атты кандидаттық диссертациясында қазақ сөйлеу тілі лексикасындағы эмоционалды-экспрессивті сөздердің жасалу жолдары, айырымдық белгілері мен функционалдық ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеуші қазақ ауызекі сөйлеу тіліндегі эмоционалды жəне экспрессивті сөздер тобын анықтау арқылы эмоционалдыэкспрессивтіліктің өзіндік ерекшелігін зерттеуді мақсат етіп қояды. Қазақ тілінде эмоционалдылық, экспрессивтілік, бағалауыштық мəселелерінің əлі де терең зерттеле қоймағандығы жөнінде: «Исследование эмоциональности, оценочности и экспрессивности не получило еще широкого распространения в казахском языке, хотя некоторые аспекты освещались в трудах ученых лингвистов (М.Б. Балакаев, С.К. Кенесбаев, Г.Г. Мусабаев, Ш. Ш. Сарыбаев, А.Т. Кайдаров и др.», – жазады [2, 3 б]. Зерттеушілердің бірқатары осы терминдердің ара-жігін ашуға байланысты өз тұжырымдарын ұсынады. Мəселен, Н.А.Лукьянова, М.И.Черемисина, О.А. Рыжкина экспрессивтілікті эмоционалдылыққа қарағанда кең ұғым ретінде танып, эмоционалдылыққа қатысты сөздерді экспрессивті лексикалық қорға жатқызады. Яғни, аталған ғалымдардың пікірінше эмоционалдылық экспрессив негізінде пайда болған, сондықтан экспрессив бірінші, ал эмоционалдылық екінші болып саналады. Ал Е.М.Галкина-Федорчук эмоционалдылық пен экспрессивтілікке байланысты: «Эмоциональные средства языка всегда экспрессивны, но экспрессивные средства языка могут и не быть эмоциональными», – деген пікір айтады [3, 4 б]. Ғалымның бұл пікірін бірқатар зерттеушілердің басшылыққа алатындығын, эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің айырым-белгілерін көрсетуде өзіндік маңызы болғандығын эмоционалдылық пен экспрессивтілік мəселесін көтерген еңбектерден байқауға болады.

Д.С. Писарев эмоционалдық пен экспрессивтілік туралы ғалымдардың пікірлеріне шолу жасай отырып: «... во многих исследованиях не всегда четко проводится разграничение понятий «эмоциональность» и «экспрессивность». Категории «эмоциональность» и «экспрессивность» являются соотносимыми, а главное различие между ними состоит в следующем: если основной функцией эмоциональности является чувственная оценка объектов внеязыковой действительности, то экспрессивность – это целенаправленное воздействие на слушателя с точки зрения впечатляющей силы высказывания, выразительности. Таким образом, экспрессивность – это категория, ориентированная на адресата, т.е. имеющая прагматическое значение», – деп түйіндеп, экспрессивтілікті прагматикалық категория ретінде қарастырады [4, 116 б].

Бұл мəселеге қатысты өз пікірін З.Х. Ибадильдина былай білдіреді: «Синонимичное употребление терминов «эмоционально-экспрессивный», «экспрессивно-эмоциональный», «экспрессивно-эмоционально оценочный» (с разной последовательности компонентов) указывает на отсутствие разграничений разных понятий, стоящих за ними. Термин же «лексика с эмоциональной окраской» уместен в стилистических исследованиях, где эмоциональная окраска слова рассматривается как его стилистическое качество» [5, 20 б].

Эмоционалдылыққа қатысты қарастырылатын негізгі ұғымдардың бірі – бағалауыштық. Лингвистикалық сөздікте бағалау ұғымына төмендегідей анықтама беріледі: «Оценка – суждение говорящего, его отношение – одобрение или неодобрение, желание, поощрение и т.п. – как одна из основных частей стилистической коннотации» [1, 305 б]. А.Р. Апресян: «Эмоциональный компонент чаще всего выступает вместе с оценочным компонентом, так как оценка является содержанием эмоционального значения. Поскольку в процессе языкового общения существует потребность выразить не только субъективное отношение говорящего, но и переживание этого отношения, т.е. эмоцию, то субъективное отношения и эмоции тесно переплетаются в человеческом сознании, что получает лексическое выражение в эмоционально-оценочной лексике», – деп жазады [6, 24 б]. Бағалаудың коннотациялық элемент ретіндегі басқа компоненттермен арақатынасын анықтау тұрғысында түрлі пікірлер бар. Сыртқы дүние адам миында түйсік, қабылдау, сезіну, елестету арқылы бейнеленеді. Адам өзін қоршаған ортадағы түрлі құбылыстардың жақсысына қуанады, сүйсінеді, шаттанады жаманынан жиренеді, күйінеді, ашуланады, мұңаяды, қайғырады. Бұлардың барлығы адамның қайғы, қуаныш, сағыныш, күйініш, шаттық, жиреніш, ашу сияқты түрлі эмоциялары болып табылады. Адам өзін қоршаған ортадағы түрлі іс-əрекетке, өзіне немесе өзгеге деген қарымқатынасқа т.б. жағдайларға, құбылыстарға қанағаттанған кезде жағымды, ал қанағаттанбаған кезде жағымсыз эмоция туады. Ал бағалау сол жағымды немесе жағымсыз эмоцияның негізінде тілдік құралдар арқылы сыртқа шығарылады. Ұнамды баға жағымды эмоциядан, ұнамсыз баға жағымсыз эмоциядан пайда болады. Эмоционалды бағалауыштық сөздерге адамның көңілкүйін, моральдық-этикалық сезімін білдіретін зат есім сөздерді жатқызуға болады. Мысалы, надандық, опасыздық, азғындық, қайырымдылық т.б. Жағымды мағынадағы сұлу, жүйрік, батыр, жағымсыз мағынадағы қорқақ, салақ, қырсық сын есімдер ешқандай қатынасқа түспей-ақ абсолюттік бағаға ие.

Бағалауыш сөздердің көп кездесетін тобы – етістіктер. Ш.И. Нұрғожина зерттеу жұмысында ауызекі сөйлеу тілінде бейнелеуіш етістіктердің жиі қолданылатындығын, ол етістіктердің ісəрекетті көрсетіп қана қоймай, ол əрекеттердің сипатын, мінездемесін де көрсете отырып, сол арқылы сөйлеушінің мəселеге, затқа, жағдайға деген ішкі жай-күйінен де хабар беріп отыратындығына тоқталады. Автор қазақ тіліндегі мұндай етістіктердің орыс тілінде баламасы кездесе бермейтіндігі туралы: «Интересно отметить, что образные слова казахского разговорного языка зачастую не имеет параллелей в русском языке», – деп жазып, келтірілген мысалдардың көпшілігін орыс тіліне түсіндірмелі тəсілмен жеткізеді. Мысалы, состию, үдірею, оқыраю – застыть в изумлении, негодовании и т.д. (не просто остановиться, а как бы живописуется образ, застывшего, удивленного человека); кекжию, кекірею – важничать (выпятив грудь, говориться о человеке с оттенком насмешки); итіну – как бы воткнуться во чтонибудь (целиком, не обращая внимания на окружающих); шертию, шермию – вздуться, выпятиться; алшию – раскорячиться [2, 93-94 бб].

Зерттеуші бейнелеу тəсілінің қазақ жəне орыс тіліндегі айырмашылығы жайлы былай деп жазады: «Функция этих слов состоит в том, чтобы вызвать у говорящих определенное, «образное», то есть, наглядное, чувственное представление о предмете, явлении, человеке. Образные представления могут быть визуальными – как мы видим этот предмет в свете формы, цвета, подвижности, неподвижности.

...Если в русском языке чаще всего пользуются сравнительным образом для передачи образа, например, «идти неуклюжей, медвежьей походкой», то в казахском разговорном языке выработаны многочисленные образные слова, которые не только рисуют одним словом какоето действие, но и одновременно передают отношение говорящих: «Əне талтаңдап келе жатыр» – (вон, идет, как медведь) [2, 94 б].

Эмоцияның тіл арқылы бейнеленуін, тілдік құралдар арқылы берілуін зерттеу əрдайым қиындық тудырады. Себебі бір эмоцияның əр түрлі тəсілдермен берілуі немесе бір ғана дыбыспен, бір сөзбен, бір қимылмен бірнеше эмоцияның білдірілуі мүмкін. Мəселен, О одағайы қиналу, таң қалу, қуану, рахаттану мəндерін білдіре алады. Əрине, олардың мағыналары контекс ішінде, не ситуацияда анықталады. Көп мəнді одағайлардың семантикалық сипаты интонацияға да тікелей байланысты екендігі белгілі. Сондай-ақ, эмоцияны білдіру, эмоцияны бейнелеудің механизмін анықтау да түрлі жағдаяттарға байланысты қиындық тудыруы мүмкін.

Адамның эмоциясын жеткізуде жиі қолданылатын тілдік құралдардың бірі – фразеологизмдер. Тіл білімінде соңғы жылдары жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары этностың өткендегі өмір сүру тəжірибесі мен қазіргі болмысының табиғаты, рухани құндылықтарының көрінісі тілдің түрлі салаларында əсіресе, лексикалық жəне фразеологиялық құбылыстарда кездесетінін дəлелдеп отыр. Осыған орай тіл біліміндегі соңғы жылдары жазылған ғылыми-зерттеу жұмыстары тілдегі ұлттық рухты, ұлттық ерекшелікті, мінез-құлықты танытуға негізделген. Қазақ халқының өткені мен бүгінін танытатын лингвомəдени дерек ретінде тілдегі фразеологизмдер де түрлі қырынан қарастырылуда.

Қазіргі тілдік қорда қолданылып жүрген фразеологизмдердің бір тобы адам эмоциясына қатысты. Адам эмоциясына қатысты фразеологиздердің бір тобы жеке тұрып адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін болса, енді бір тобы контекс ыңғайына қарай эмоциялық реңкке ие болады. Біреудің қорыққандығын айтқымыз келсе жүрегі ұшты, зəресі ұшты, үрейі ұшты, иманы қашты, көзі шарасынан шықты, көзі алақандай болды, жүрегі тас төбесіне шықты, зəресі зəр түбіне кетті, жаны мұрнының ұшына келді, деген фразеологизмдерді, ал біреудің қатты таң қалғандығын аузын ашып, көзін жұмды, рахаттанғанын айызы қанды, қуанғанын екі езуі екі құлағына жетті, жерден жеті қоян тапқандай болды, құмартқанын аузының суы құрыды, аузынан суы ақты, аузынан сілекейі шұбырды, ұялғанын кірерге тесік таппады, бет моншағы үзілді, беті күйді, бетінен оты шықты, құлағының ұшына дейін қызарды, жүзі шыдамады, жер шұқыды, үрейленгенін төбе шашы тік тұрды, өкінгенін санын соғып қалды фразеологизмдері арқылы білдіреміз. Бұлардың барлығы ана тілінің шексіз байлығын, фразеологизмдердің эмоциялық реңк жасаудағы орамдылығын көрсетеді. Фразеологизмдер сөйлем ішінде қолданылғанда стильдік ерекшелікті, эмоциялық реңкті айқын көрсетуге қызмет етеді. Мысалы, қуанды деген сөз бен екі езуі екі құлағына жетті фразеологизмінің, қорықты деген сөз бен жүрегі тас төбесіне шықты фразеологизмінің, арасында мағыналық сəйкестік болғанымен, бұл сəйкестік толық балама бола алмайды себебі қуанды, қорықты сөздерінде фразеологизмдердегідей экспрессивті реңк жоқ.

Қазақ тілінің фразеологизмдері бүгінгі күнге дейін көркем шығармада қолданылуы тұрғысынан, мағыналық-тақырыптық топтарына қатысты, сондай-ақ, жекелеген тілдермен салыстыра, салғастырыла зерттеліп келді. Фразеологиялық зерттеулердегі адам эмоциясына қатысты бірліктердің қарастырылуы қазақ фразеологиясының теориясына өзіндік үлес қосады, қазақ тіл біліміндегі эмоционалдылық мəселесінің одан əрі зерттелуіне белгілі бір дəрежеде бағыт-бағдар береді. Адамзатты қоршаған дүниенің, құбылыстың бəрі халық тілінен көрініс табады. Бұл тілдің танымдық сипатын, білім берудің құралы қызметін атқаратындығын ғана көрсетпейді, тіл өз бойына

кездеседі. Экспрессивтілік дегеніміз – айтушының өзі баяндап, əңгімелеп тұрған жайға өзінің жеке басының көзқарасын, пікірін білдіретін семантикалық-стилистикалық белгілердің, амалтəсілдердің жиынтығы. Экспрессивтілік эмоцияға байлаулы емес, эмоцияға қатысы жоқ құбылыстарға байланысты да қолданыла береді. Адам айналасындағы заттар мен құбылыстарды қабылдағанда адам санасында оларға қатысты баға тууы мүмкін. Денотаттық бағалаудан бөлек, коннотатты бағалаудың болуы нəтижесінде сөз тілде эмоционалды-бағалауыштық коннотатқа ие болады. Бағалауыштық дегеніміз – сөйлеушінің өз тарапынан зат пен құбылысқа, ісəрекетке берген бағасы, оған деген көзқарасы.

философиялық, физиологиялық, психологиялық

т.б. ғылым нəтижелерін де жинақтайтын қор екендігін де ескерсек адам эмоциясына қатысты лингвистикалық зерттеу жұмысындағы семантикалық, типологиялық, когнитивтік мəселелердің бірқатарының аталған құбылысты өзге ғылымдармен байланыстыра қарастырған кезде ғана дұрыс шешімін табатындығына көз жеткізуге болады. Адамға тəн жақсы көру, жек көру, жеру, жирену, күйіну, сүйсіну т.б. да сезім, көңіл-күйлеріне қатысты тілдік бірліктерге лингвистикалық талдау жасағанда оларға тек тілдік тұрғыдан ғана емес, философиялық, физиологиялық, əлеуметтік, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан да келу керек.

Қорыта келгенде, эмоционалдылық денотаттық компонентте де, конотаттық компонентте де

 Әдебиеттер: 

  1. Словарь лингвистических терминов. –М., 1966. – 608 с.

  2. Нургожина Ш.И. Эмоционально-экспрессивная лексика казахского разговорного языка: Дис. канд. филол. наук. Алма-Ата, 1989. – 145 с

  3. 3.Галкина-Федорук, Е.И. Об экспрессивности и эмоциональности в языке [Текст]. – В кн.: Сборник статей по языкознанию. –М.1958. –С. 118-125.

  4. Писарев, Д.С. Функционирование восклицательных предложений в современном французском языке и их прагматический аспект [Текст] / Д.С. Писарев // Прагматические аспекты функционирования языка. – Барнаул: Изд-во АГУ, 1983. – С. 114-125.

  5. Ибадильдина З.Х. Эмотивная лексика казахского и русского языков: Дис. канд. филол. наук. –Алматы, 1997.–223 с.

  6. Апресян А.Р. Экспрессия в художественном тексте// Извести АН. Серия литературы и языка. 1992. №1. –С. 21-28.

Филология. Реферат. Парадокстың лексикалық семантикалық қыры
Философия. Реферат. ХХ ғасыр ойшылдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу