Соңымнан қалмай қойған тылсым тіршілік иесі кім болды екен?

Oinet.kz 04-01-2023 1148

Менің жасым 18-де. 8-шы, 9-шы сыныпты интернатта жатып оқыдым. Түннің бір уақытында ояндым. Оянсам жанымда біреу жүргенін сездім, бірақ қыздар емес сияқты. 

Screenshot_2.jpg

Сол сықырлаған дыбысқа құлағымды түріп жата бердім. Бір кезде денемді ауыр бірдене басып отырып алғандай болды, ал енді қозғалып көр. Не қозғалу мүмкін емес, не дыбысың шықпайды. Қатты азаптандым. Менің жатқан интернатымда бір бала қайтыс болған деседі. Миыма кіріп шықпайды не екені.

Сол күннен бері түсіме шайтан кіреді. Түсімде ішіме кіріп мені шыңғыртып жылатады. Мені не болмаса қуады. Сонымен әрең дегенде тұрам таңертең. Күнде көретінім сол шайтан.

Кей кезде бір адамның даусын естимін маған олай істеме, былай істе дейді. Бірақ таңертен ұмытып қалам.

Тағы бір түсімде бір кісінің дауысын естідім. Сен өзгелерге ұқсамайтын бала дүниеге әкелесің деді.

Мен жынданайын дедім ба білмеймін.

Тағы айтарым осы жақында ұйқы артериясына ота жасату керек болып ауруханаға түстім. Кеше танертең оянсам төсек жанында бір адам отыр екен. Тек қана басы көрінді. Мен қолымды созып басынан сипалап көріп едім, кәдімгідей сипалынады. Өзім ұйқылы ояумын. Кет деп едім кетпеді. Сосын есіме сүрелерді есіме түсіріп едім, есіме түсіре алмай коп қиналдым. Өзім ауырып жатқам. Ұйықтап кетіппін.

Біреуге өтірік, біреуге шын. Енді не істесем болады?

Әлде мен жынданып кеттім бе?

Медбикеге айтып едім, мұнда қөп адам қайтыс болды ғой, содан шығар. Ондайды менде де көргем дейді.

Аноним

Alashainasy.kz 

Аға, мені неге тірідей көмдіңіздер? (болған оқиға)
Бейіт басындағы жұмбақ шал
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу