Сәкен Сейфуллин. Туған жерім - өз елім

Oinet.kz 22-01-2020 1467

Бүгін - Сәкен Сейфуллиннің туған күні

Қайғы ойлаттың естен кетпей туған жер,

Қаны қашты, әм сарғайтты ет пен тер.

Сені ойласам ішім күйер қапа боп,

Жүрегімде түйіншіктей қайғы шер.

Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім,

Тең құрбыммен қағысып, ойнап жүргенім.

Жап-жалаңаш жайдақ атпен жүздіртіп,

Бәсеке қып, жұмыртқа алған ну көлім.

Өлкелерге ауыл қонған мезгілдер

Бәйшешектер құлпырынған мезгілдер.

Майысып бір, кек талдардың басында,

Құстар сайрап, көңіл бұрған мезгілдер.

Сені ойлап күні-түні туған жер,

Қаны қашты, әм сарғайды ет пен тер.

Сені ойласам ішім күйер қапа боп,

Жүрегімде түйіншектей қайғы-шер.

Ұйықтасам да еш шықпайсың түсімнен,

Тұрсам-дағы сен кетпейсің есімнен.

Көзден таса қылсам деген жоқ едім,

 Шыға алмадым азалдағы кесімнен.

Мұхтар Шахано: Махаббатты қорғау яки Ғашықтар жазған хаттардан
Мұхтар Шаханов: Махаббаттың жазылмаған заңы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу