«Ұлпан» туралы бір үзік ой

Oinet.kz 01-12-2023 227

Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, классик жазушы, көркем сөздің майталманы Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің «Ұлпан» романы Қазақ әдебиетінің төрінен өзіндік орнын ойып алар сүбелі шығармалардың бірі де бірегейі. Шығарма мазмұнына тоқталар болсақ, «Ұлпан» — тарихи роман. 

Screenshot_1.jpg

Шығармада ХІХ ғасырдағы қазақ халқының тыныс тіршілігі, оның тұрмысы, салт-дәстүрі, өзіне тән әдет-ғұрпы кеңінен қамтылған. Шығарманың бас кейіпкері Ұлпан, ол шын мәнінде өмірде болған тарихи тұлға. Ұлпан дүние - байлыққа қызықпаған адам. Ұлпан -  ауылын ақылымен басқарған, ағайынын сыйластығымен тыңдатқан асыл жан. Романның екінші бас кейіпкері Есеней – ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Есенейден қырық жасқа кіші бола отырып, жас қыздан бір рулы елдің басын біріктіріп, атын шығаратын ұлы тұлғаға дейін көтеріле білген қайраткер жан. Жер дауымен жүрген Есеней Ұлпанмен кездейсоқ ұшырасады. Бір кездері өзімен дос Артықбайдың қызы болып шығады. Кішкентай кезінде, үйіне келген Есенейдің арқасына мініп, «Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз, енді ел сөзін сөйлеп, ат құлағында ойнайтын батыр қызға айналғанын көрген Есеней жас алшақтығына қарамастан, Ұлпанға деген көңілі оянып сезімін білдіреді. Ұлпан болса, оны басында жақтыртпасада Есеней құрығынан құтыла алмайтынын біліп, біз көндік – деп жауап береді. Ақылына көркі сай Ұлпан арзанға түспейтін қыз екені белгілі еді. Қатал да озбыр Есенейдің жан жүрегін жібіте отырып, бір кездері: «Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен болып қаларсың», - деп өзі айтқандай айналасы аз жылда дүйім елге билігін айта алар дана тұлға түрінде таныла алды. Керей-Уақтың Сибан елінің қамқор анасына айналды. Артта қалған қазақ ауылына коптеген жаңалығымен дамытып, қазақ елінде бұрын сонды болмаған монша салдырып, одан қыста жаурамайтын үй салдырып, егін егіп елін алға жетелейді.  Осылайша ел-жұртының қамын ойлап, Есенейдің жылқыларын, кең жерің еліне бөліп беріп өзінің кең пейілдігі, еліне деген  адалдығын көрсете білді.  Еліне бауырмал Ұлпан қашанда барлық затты теңдей бөліп беріп отырды, осы арқылы халық өз бетінше күнін көріп, малын көбейтіп, егін егіп, халқының жағдайы жақсы арды. 

Осындай игі істері басқа елдерге үлгі болды. Елі Ұлпанға қатты риза еді. Ұлпан асқан ақылды адам, қашанда барлық мәселені Есенейге айтып содан кейін қортындылап елге айтылатын. Есеней Ұлпанның осы бекзаттылығын көзі тірісінде бағалай білген Есеней оған өз атын қиып қана қоймай, «Ақнар» деп те атайды. 

Ұлпан қашанда еразаматын жоғары қойып, силап өткен қазақ қызы өзін ешқашен Есенейден жоғары қоймайды, артық сезінбейді, байлыққа масаттанып, өктемдік жүргізбейді. Есеней Ұлпанға Ақнарым, сен мені адам қыла бастадың, – деді аттанарда. – Жоқ, Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бәйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын – деп, Ұлпан  ер азаматын үлкен бәйтерекке теңейді. Ұлпан әйел бақытын сезіне алған жоқ. Өйткені жалғыз қызы Біжікен ерте қайтыс болды. Одан Есеней 9 жыл төсек тартып жатып қайтыс болады.Сонымен қатар әкесінен де айырылады. Осының бәрі Ұлпанға ауыр тиеді. Көп ұзамай өзіде қайтыс болады. Ұлпан – аналардың анасы мәңгі қазақ елінің есінде қалады. Өйткені еліне деген адалдығы, адамгершілігі, парасаттылығы, өткірлігімен Сибан елінің кедей-кепшілігіне қол ұшын беретін әйел. 

Романның ерекшеліктерінің бірі - қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болуы.

А.Тиллаева

Көрші қыздың әңгімесі
Ертегілер елінде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу