Отбасы туралы әзіл-әңгімелер

Oinet.kz 18-10-2019 3219

Screenshot_8.jpg

- Күйеуіңізбен бақытты болам десеңіз, қатты жақсы көруге тырыспай-ақ қойыңыз, түсінуге тырысыңыз. Ал, әйеліңізбен бақытты болғыңыз келсе, жақсы көріп, көңіл бөлуге тырысыңыз, түсінуге тырыспай-ақ қойыңыз. 

- Әйелдер негізінен, үндемейтін, томаға тұйық еркектерді жақсы көреді. Неге? Өйткені, олардың тым-тырыс отырғанын «мені тыңдап отыр» деп ұғады.

- Психолог тұжырымдамасы: «Көптеген еркектер, үй жинаған әйелге көмектесу - әйелдер еден жуып жатқанда екі аяқты көтеріп отыру» деп ойлайды.

- Егер еркек «киетінім болмай тұр» десе, онда оның таза киімінің таусылғаны. Егер әйел «киетінім болмай тұр» десе, онда оның жаңа киімінің таусылғаны.

- Әйелі күйеуіне: «Мен ұрыса бастағанда, сен неге сағатқа қарай бересің?» - деп сұраса, күйеуі: «Қымбаттым, кім бірінші тоқтайды екен, сен бе әлде сағат па?» - деп қараймын деп әзілдей жауап беріпті.

- Әйелі күйеуіне: «Неше жыл өтсе де әмияныңда менің суретім тұр. Оның себебі неде?» - десе, күйеуі: «Қандай да бір қиындыққа кез болғанымда, сенің суретіне бір қарап аламын. Проблема жоғалғандай болады», - дейді.

 Әйелі: «Сонда мен саған күш беріп тұратын болғаным ғой?» - десе, Күйеуі:«Әрине, суретіне қарап, бұдан асқан қандай проблема бар», - деп өзімді жұбатамын деп әзілдеген екен. 

«Ең бақытты әйел» кітабынан үзінді

Тұсаукесер. Оны қалай жасайды?
Қандай жағдайда неке дұрыс деп есептелмейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу