Көзге шөп салатын адамдар қандай болады?

Oinet.kz 01-10-2021 1941

Сексолог Александра Миллер адамды алғаш көргеннен-ақ оны танудың жолдарын атады. Сондай-ақ, маман опасыздық жасауға бейім тұратын жандарды бірінші кездесуден әшкерелеудің тиімді жолдарын айтты.

Screenshot_13.jpg

Әрбір адам өмірінде бір рет болса да екінші жартысының адалдығына күмәнмен қараған болар. Мұндай күдікпен әлемде қаншама адам өмір сүруде. Алайда сүйіктіңіздің сізге адал екенін 100% нақты айту айтарлықтай қиынға соғады.

Сонымен, көзге шөп салатын адамдарды қандай белгілер әшкерелейді?

Опасыздық – қалыпты жағдай

Сексолог пікірінше, көзге шөп сала алатын ерлер мен әйелдердің іс-әрекеттері, әдетте, бір-біріне ұқсас келеді. Мәселен, олар алғашқы кездесуден-ақ опасыздықтың қалыпты жағдай екенін алға тартады.

Өзге адаммен төсектес болуды нағыз сатқындық емес, тек физикалық құштарлық, ағзаның қажеттілігі деп санайды және екінші жартысын соған сендіреді. Ондай адамдар еркін қарым-қатынас болғанын қалап тұрады.

Опасыздық жасауға бейім адамдар үшін бір жанды ғана сүйіп өту – өмірге нүкте қойып, оның бар қызықтарынан бас тарту болып есептеледі.

Шектен тыс қызғаншақтық

Дейтұрғанмен, сексолог сөзінше, опасыздық жасай алатын адамдардың арасында ешқашан сатқындық жасамаймын деп өлердегі сөзін айтып, ант су ішетіндер де бар.

Әдетте ондай адамдар екінші жартысын шектен тыс қызғанып, опасыздық туралы кез-келген жерде. кез-келген уақытта әңгіме қозғай алады.

Олар сүйіктісінің қай жерде, кіммен, қашан кездескенін біліп, нақтылап жүреді. Яғни, екінші жартысын өзі сияқты сатқындық жасай алады деген оймен өзгелерден қызғанып отырады.

Көшеде өтіп бара жатқан адамдарға көз тігеді

Сондай-ақ, сексолог болашақ сүйіктіңіздің өзгелерге қалай қарайтынын бақылауға кеңес береді.

Егер жаныңыздағы адам айналасына жалтақтап қарап, басқаларға көз тіксе, демек, бұл күдіктенуге тұрарлық жайт.

Ұялы телефонын жасырады

Сонымен қатар, маман екінші жартыңыздың ұялы телефонына да назар аударған жөн екенін алға тартты. Көзге шөп салып үйренген адамның ұялы телефоны төмен қарап тұрады. Бұл сүйіктісінің көңілдесінен келетін хаттарды оқып қоймауы үшін жасалады. Ал кейбір адамдар, тіпті, өзімен бірге екінші телефон ұстап жүреді. Ол тек қана көңілдесімен тілдесуге арналады.

Үнемі ашуланып жүреді

Қоса кетейік, әдетте ғашығынан жасырынып, өзгелермен ойнас болып жүрген адам ашушаң келеді. Себебі күнделікті қайда барғанын, не істегенін жасыру үшін түрлі өтірік ойлап табуы керек. Бұл адамды күйзеліске де түсіріп жібере алады. Адам тіпті қай жерде өтірігім шығып қалар екен деген ойдан қажып та кетуі мүмкін.

Сырласу журналы

45-тегі көршім «ғашықпын» деп мазалап жүр
Күйеуім бола тұра, басқа еркекпен кездесуге мәжбүрмін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу