Хас сұлу сіңлім тұрмысқа шықпай қартайды

Oinet.kz 01-04-2022 5939

Зульфия елімізде отбасы құруға асықпайтын жастардың көбейгеніне алаңдаушылық білдіріп, өз сіңлісінің аянышты халін ERNUR.KZ тілшісіне айтып берді: 

44490b8012140a31e3fdeaff33069c98.jpg

«Менің үш інім, екі сіңлім бар. Сіңлім де оң жақта отырып, 55 жасқа толды. Түр, келбет, диплом бәрі бар. Докторантураны да бітірген, профессор деген атағы да бар. Бірақ тұрмысқа шықпады, бесік тербетпеді. Біз оған «Тұрмысқа шықпасаң да, өзіңе ұнаған адамнан туып ал» деп қаншама рет айттық. 

48-ге толған шағында ғана ойланып, «Әлі климаксым басталмады ғой. Туып алуым керек еді» деген. Әрине бұл жаста кеш, бірақ көңіліне қарап оны қолдадық, әрекетке итермеледік. Бірақ қыз баланың аналық ұрығы 35 жастан кейін кеми бастайды екен. Еркектердің аталық ұрығы секілді аналық ұрықтың пайызы да азайып, соның салдарынан бала туа алмайтын көрінеді. Бұны дәрігер айтып түсіндірді. 

50 жасында сіңлім үміттеніп ЭКО жасатуға да бел байлады. Болмады. Жақында сіңлімінң 55-ке толған туған күніне бардық. Ол оңашада бақытсыз екенін айтып жылап қалды. «Үйің, керемет көлігің, сүйікті жұмысың бар. Білдей профессорсың» деп жұбатқанымнан түк шықпады. «Сенің ойынша осылар бақыт па? Осының бәрін мен бір балаға айырбастар едім» деп жылады. 

Ол кезінде талай жігіттің сөз салғанын айтып еске алды. Мінсіз, жақсы азамат жолығады деп ойлаған сіңлім өмірінің көктемі өтіп кеткенде «Мінсіз адам болмайды екен ғой. Бар болса мен табар едім» деді. 

Рас, сіңлім өте сұлу, көзі ашық, заманауи, үш тіл біледі. Мінсіз азамат бар болса, сіңліме жолығар еді ғой. Сондықтан да қыз-жігіттерге айтарым, өміріңді өткізіп алма. Алдымен отбасы құр, бала тап, сосын оқуыңды да оқып, кандидаттығыңды да қорғап үлгересің. Құдай ешкімді үйсіз, несібесіз далаға тастамайды. Баспана да, көлік те ақшаң болса бір күнде шешілетін мәселе. Ал балалы болудың шектеулі мерзімі бар. 

Кезінде сіңліме анам марқұм «Таңдай бермей тұрмысқа шығып, бала тапсайшы. Ертең етегің жасқа толып жылайсың» деп айтқанда, Көркемай әбден күліп еді. Анамыздың сөзінің астарын сіңлім енді ғана түсініпті. Ол күйеуінің жоқтығына емес, енді ешқашан бала туа алмайтынын айтып жылап жүр. 

Жаным ашиды. Аяймын. Алайда сіңліме «Өмірің алда. Бәрі жақсы болады» деп өтірік те айта алмаймын. Кеш. Әрине, оң жақта отырып қартайған қыздарға балалы болудың бір жолы бар. Ол – әйелі қайтыс болған, балалары бар азаматқа тұрмысқа шығу. Бірақ бәрібір өзегіңді жарып шыққан балаңдай болмайды ешкім. Сондықтан жасың 22-ден асты ма, бірінші тұрмысқа шығуды, ал ұлдар, отбасы құруды ойлаңдар. Қалғанының бәріне отбасы құрған соң қол жеткізе аласыңдар...»

Бәйбіше болам деп жұртта қалған жыртық кебістей боп қалмаңыз
​«Күйеуім аяқ киімін шешкізеді»: шымкенттік келіншек мұңын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу