Құпияға толы қара түн: Әйелдік әлсіздік жеңіп кетті

Oinet.kz 27-06-2022 1914

30 жылдыққа барамын деп, бір қателікке ұрындым. Өзімнің мектептегі жылдарым  нағашы атамның ауылы - Тарбағатайда өтті. Мектеп бітірген соң, Алматыдағы Мед.академияға оқуға  түстім.

Screenshot_2.jpg

Сол оқуды оқып жүргенім де, бір жігітпен танысып, сөзіміз жарасып отбасын құрдым. Екі қыз сыйладым. Жиырма төрт жыл жолдасыммен бірге тұрдық. Екі жыл бұрын, жолдасым басқа біреумен көзіме шөп салып, шаңырағымыз ойран болды. Ажырасып кеттік. Күйеуімді кешіре алмадым. Содан соң ешбір еркек маңыма жуымап еді. Еркек біткенге сенімсіздікпен қарайтын болғанмын.

Жиырма бесі күні кешке сыныптастар кездесуінде мектеп бітіргелі көрмеген, алғашқы махаббатыммен кездестік. Жары  отбасылық жағдайларына байланысты  келе алмапты. Шараптан ба, əлде ер адамның жылуын іздедім бе? Əйтеуір, сол күні кешке сыныптасым екеуміз жұрттан бөлек қалып кеттік. Сом денелі ер азамматтың ырқына беріліп, тəтті бір лəззат құшағына енгенімді білем. Ар жағы бұлдыр.Таңертең ерте тұрсам, сыныптасыммен жақындасып қойыппыз.

Өзім де,  көзіне шөп салынған əйел ретінде оның жарын сол сəт қатты аядым. Өкіндім. Мастықпен болды. Əйелдік əлсіздік жеңіп кетті. Табиғат күшіне қарсы келе алмадым. Аң да, адам да, табиғат заңына қарсы келе алмайтынын ұқтым. Қара түн, сыр тұмшалап қаншама жанның сырын ішіне бүгіп жатыр десейші. Менің де құпиям болып сол күйі, қара түн қойнауында қала бергенін қаладым.

Енді ешқашан Тарбағатайға бармаймын. Сыныптастарыммен араласпауым тиіс деп шештім. Мен ешкімнің жылы ұясын бұза алмаймын.

Еl24kz

Әкеме айтып қоймаңыз...
Үйге əр күні бөтен еркектер келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу