Ешқашан сол күнәні жасамаушы едім

Oinet.kz 05-06-2022 4273

Менде сол жігіт мәселесі, өзегімді өртеп барады. Себебі ешкімге айта алмаймын. Орны толмас қателік жібердім. Жасым 23 –те үйдің жалғыз қызымын. Әкем жоқ, бала кезімде тастап кеткен. Жігіттіммен бұдан екі жыл бұрын танысқанмын. Содан жарты жылдай сөйлесіп жүріп, маған ұсыныс жасады. Қыз-жігіт болып жүрдік. Басында бәрі керемет болды. Күнде қымбат сыйлықтар, гүлдер...

Screenshot_36.jpg

Үй ішімізбен де танысып. Сөйтіп жүріп қосылып қойдық. Оған өзімнен де артық сендім. Бірақ соңғы үш айда қатты өзгерді. Мені ұратынды, боқтайтынды шығарды. Ұрысып қалсақ, қайтып хабарласпайды. Өзім кешірім сұраймын. 3 күн болды, хабарласпайды да, хабарлассам алмайды.

Әттең сол күн қайтып келсе ғой. Ешқашан сол күнәні жасамаушы едім. Анамның сенімін ақтай алмадым. Таң атқанан тек өлімді ойлаймын. Енді кімге керекпін? Өз намысын қорғай алмаған қыз кімге керек? Не үшін мені алдады? Менің өмірімді қор қылып бақытты боламын деп ойлай ма екен? Сіңлілеріме айтарым мен сиқты өкініп қалмас үшін, қанша сенімді жігіт болса да ақ босағаны аттамай, төсек қатынасына бармаңдар. Әйтпесе мен сияқты, өмірден түңіліп жүресіңдер сосын. Ал мен өлгім келеді. Не істеймін? Өткен күнді қайтара алмаймын.

el24kz

Күйеуден қайтқан қайын әпкелерім көгеріп, ұрыс іздеп отырады
Жеңгем маған бір түрлі құпия жымиып, басқаша қарай бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу