Күйеуім көгерген нан жегізеді

Oinet.kz 21-07-2022 6086

Сəлеметсіздер ме? Мен сіздерден ақыл сұрайын дегем. Менің тұрмысқа шыққаныма 5-6 ай болды. Өзім араласып жүрген жігітке  тұрмысқа шықтым. Басында бəрі жақсы еді. Біз үйленгенен кейін бір-екі аптадан бөлек шыққанбыз.

Screenshot_15.jpg

Оның тұрмыстан қайтып келген екі бірдей əпкесі бар екен. Ол жайлы жақ ашпаған-тын. Солардың кесірінен үйленгенімізге бір ай болмай-ақ күйеуіммен ұрыса бастадық. Ол мені кемісітіп, əр істе санасатын болды, қатындардың ісіне көп арласады.

Сосын ол майда сөзді қатты жақсы көреді. Бір нəрселер үшін ұрыс шығарып үйіне жеткізеді. Жеке дүниелерді ата-анасына айтқаны дұрыс  емес қой. Олар әке-шешеме айтып, анамды уайымға салады. Өзін-өзі ұстауды білмейді. Əпкелеріне мені қарсы қойып,  солармен ұрысқанымызды тамашалап отырады.  Адамның ызасы келеді. Ақшаға сараңдығы сонша көгерген нан жегізеді. Жұмыс істеп отырған жерімнен шығарып алды. Енді əр күні берген соқыр тиыны үшін зіркілдейді. Адамның жақсы көруі де, жек көруі де тез екен-ау. Ажырассам ба деймін. Не істесем болады?

el24

Мұғалім ағайдың махаббаты
Үш баласы мен отбасын тастап, жас келіншекпен кеткен қарттың оқиғасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу