Балаңызға көз тиюдің алдын-алу үшін мына дұғаны оқып жүруіңіз керек

Oinet.kz 28-06-2022 1312

Screenshot_2.jpg

Бала - әр адамның ең жанды жері ғой. Кішкентай бала әлсіз болғандықтан, көз тию, біреудің көзінің сұғы өту секілді жағдайлар жиі орын алып жатады. Шынында, көз тиіп, ем іздеп жүгіргеннен гөрі ауыртпаудың жолын жасау әлдеқайда пайдалы. Сондықтан балаңызға:

«Уъизукумә би кәлимәтилләһи-тәммәһ, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли айнин ләәммәһ», яғни «Сен екеуіңді Аллаһтың кемел сөздерімен; бүкіл шайтаннан, әрі түрлі улы жәндіктерден және сұқ көзден сақтай гөр» деп пана сұраймын», - деп дем сала жүріңіз.

Бұл дұғаны Ибраһим пайғамбар (а.с) өзінің балалары Исмаил мен Ысқаққа оқитын болған және Аллаһ Елшісі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жиендері Хасан мен Хусейнге осы дұғаны оқитын.

أعيذكما بكلمات الله التامات من كل شيطان وهامة ومن كل عين لامة

(Тирмизи, Әбу Дәуд)

Ит пен мысықтай ене мен келінді татуластырған данагөй емші
Мені кешіресің бе, анашым?! (Болған оқиғаның ізімен)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу