Абысыным күйеуін қызғанып, мысықтілеулес болып алды

Oinet.kz 01-08-2022

Жауыздық - жүректің қарайып, адамдықтан безуі. Абысыным тағдыр дегенді түсінер емес. Түсінгісі де келмейді. Мен - жесір əйелмін. Жолдасымды Ауғанстанға əскерге алып кеткен, сонау сексен жетінің наурызында. Жасым небəрі жиырма екіде басыма қара орамал  салынды. Өлгім келді. Өмірдің мəні жоқ сияқты көрінді.

Screenshot_8.jpg

Сол аралықта мені өмірге қайтарған нəрсе - құрсағымда жаңа біткен тіршілік иесі-тін. Сол қызым екеуміз  жолдасымның ошағын сөндірмедік.

Иə, қиын болса да, орнын ешкімге бастырмадым. Көңілімді басқа жанға берген кезім жоқ. Қызыма өгей қыздың тағдырын сездіргім келмеді. Содан болар, жолдасымның елінен  кетпедім. Отыз үш жыл болды, сол келін боп түскен елде тұрып жатырмын. Жолдасым екі ағайынды жігіт еді. Інісі қайтқан күннен қайын ағам бар жүкті мойнына алды. Мені мектепке жұмысқа тұрғызып, еңбекпен нан табуыма септесті. Жолдасымның аяқтай алмай кеткен үйін бітіріп, бізді жаңа баспанаға кіргізді. Ол кісіге шын көңілден разымын. Тапқан табысын екіге бөледі. Қызымның бар қажетін өтейді. Əкесінің жоқтығын ешқашан сездірген емес. Мектеп кезінде ата-аналар жиналысына дейін өзі қатынасатын. Жеңгем сол пейілін жақтырмайды. Қызымның үйлеріне барғанын, ағайдың қызымды еркелеткенін жақтыра қоймайды. Өкініштісі, Алла ағайға бір перзент бермеді. Жас кезімде талай рет қызғанып, ауыр сөздер де айтқан. Ағай жеңгемді қатты жақсы көреді. Əмеңгерлік жайлы ешбіріміздің ойымызға кіріп шыққан емес. 

Менің денсаулығым соңғы кезде сыр беріп, ағарғанға зəрулік туды. Соны аңғарған ағай сауылатын сиырды босағама байлады. Оның құнын бөліп-бөліп төлейтін болдым. Ешкімнің ақысын жеу ойымда жоқ. Бір аптаға жетпей босағама байланған сиырға абысыным дəрі беріп өлтіріпті. Мен мектепте сабақта жүргенім де, абысыным сиырыма кебекке дəрі қосып беріпті. Сабақтан келсем, сиырымның  аузынан көбік ағып тұр. Мал дəрігерін шақырдық, дəрігер дəрі бергенін растады.

Менің жазығым не? Босағамдағы малда не ақысы бар? Қайынағамның жетім-жесірге берген көмегін, басқаша түсінетін сияқты. Ал ағатайдың ойында ештеңе жоқ. Жарына адал жан. Кінәсіз малда несі бар деймін де...

el24

Жиенімді «мамаң ертең келеді» деп алдауға мәжбүрміз
«Өгіздің өзі қартайса да мұрны қартаймайды дегендей», еркек те қартайдым деп мойындамайды екен...


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×