Қайын ағамнан қорқамын

Oinet.kz 06-08-2022 7422

Жасым жиырма үште, бір қызым бар. Алматы қаласының тұрғынымын. Жолдасым екеуміз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз.

Screenshot_2.jpg

Бірақ, осы бақытты күндеріме қайынағам кедергі келтіріп, күйеуіммен арамызға суқтық сала ма деп қорқамын.

Өйткені үйленбеген қайын ағам бар. Мен бұл үйге келгенде маған өте жақсы қарайтын, енем тиісіп сөйлесе, мені қорғап қалатын. "Ол сөйлей береді, мән берме" деп күліп айтып отыратын. Аға ретінде қатты сыйлайтынмын. Енді қазір сезімін білдіріп жүр.

"Мені неге ұнатпайсың? Күйеуің сияқты кәсіпкер емес, жай вахтадағы жұмысшы болғандықтан ба?",- дейді.

Қасында болмауға тырысамын, бірақ тамақ істесем де, ыдыс жусам да қасыма келіп отырып, сөйлей береді. Қайынағам інісі үйге келгенде жақындамайды, себебі одан қорқады. Енем "менің бір баламның басын айналдырғаның жетпей ме, екіншісінде шаруаң болмасын",- дейді. Мен қайын ағама ешқандай үміт бермегенмін. Жолдасыма айтайын ба, әлде керек емес пе? Кеңес беріңдерші. Не істерімді білмей қалдым.

Күйеуімді анасы сияқты бағудан шаршадым
Күйеуімнің көзсіз қызғанышына не қайран қылсам болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу