Жеңешемді жан құрбымдай көріп жақын тартып ем, менің масқарамды шығарды

Oinet.kz 25-08-2022 3194

Жас болсам да, адамдардан қатты  көңілім қалды. Биыл мектепті аяқтадым. Ел сияқты, тойлауға шамам жоқ. Ата-анамның жанын бір күн үшін ауыртқым келмеді. 

Screenshot_4.jpg

Тұрмысымыз мəз емес. Менен кейін алты сіңілім бар. Əкем ұлы болмаған соң көп ішеді. Əкем ащы суға жақын болған соң бізді ауылда ешкім менсінбейді. Мен адамдармен дастархандас болып, өзіме мүсіркей қарағанын қаламадым. Сондықтан, мектеп бітіру кешіне бармадым.

Ауыл болғаннан кейін көршінің үйіне жиі барып тұратынымыз бар ғой. Əрі ауылдағылардың баршасы бір-біріне ағайын болып келеді. Мамыр айында көрші ағамыз Қостанай жақтан келіншек əкелген. Алғашқы ай болған соң ауылға үйренсін деп, мен жеңгеме жиі барып тұрдым. Кəдімгідей сырласып, құрбымды тапқандай қуанғанымды көрсеңіздер. Екі апта бұрын сол жеңгемнің білезігі жоғалыпты. Үйге жиі  келетін адам деп менен көргеніне ызам келді. Ол маған ауыр сөздер айтып, кедей екенімді бетіме басты. 

Мен оның білезігін не қыламын? Иə, тұрмысымыз төмен шығар. Алайда, мен ұрлық жасамаймын. Сол білезікті алмасам да өтеп беремін дедім. Қазір ауылдағы тойханаға шығып жүрмін. Үш айда білезігінің бағасы шығар. Өтеп болған күннен кейін есігін қайта ашпаспын. «Қалған көңіл шыққан жандай» дейді ғой. Енді қанша тырыссақ та бұрынғыдай риясыз көңілмен араласа алмайтынымыз анық. Жаратқан мені ораза айында осылай сынап жатқан болар....

el24

Мен қарғысқа ұшыраған байғұспын. Мені адам түгілі, Құдай да кешірмейді
Жағдайымды жақсартамын деп, басыма бәле тауып алам ба деп қорқам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу