Бақай есеп үшін біреудің өмірінің тас-талқанын шығару...

Oinet.kz 25-09-2022

Ардың құнын ұқпайтындар, жанардан жалқы қалып жас сықпайтындар үшін арланам. Бақай есеп үшін біреудің өмірінің тас-талқанын шығаруға ұялмайтындарды ұға алмаймын. Біреудің көз жасынан бақыт құрала ма? Құралса да, оның баяны бола ма?

Screenshot_3.jpg

Болмайды. Менің жыл өткен сайын құрбыларым азайып барғанының мəні - өз бақытын біреудің қайғысынан құруға талпынатын жандардан мен бірден  достықты шорт кесем.  

Ол маған кім болса да, мен үшін маңызы жоқ. Біреудің жарына жабысып, оның бала-шағасын зар жылатып өзін "махаббат" деген сөзбен  ақтағысы келетіндердің сөзін тыңдауға шыдамым жетпейді. Махаббат - біреуді жылату емес, біреуді тірегінен айыру емес. Өз теңін өз қатарласынан іздеуге пейілсіз құрбымның қатары көбейгені ойлантады. Өз қатарласымыздың көбінің  қаржылық   жағдайының мəз емес екені рас. Жақсы жігітпен бас қоссаң, байлықты өз қолдарыңмен жасайсыз емес пе? Жоқ. Көбі жасағысы келмейді. 

Одан гөрі бар ауқатты ағаның жары болуды жөн санайды. 

Жоқтан бар жасамаған соң...  Бəрін нөлден бастап, бəрін бірге көрмеген соң сенің қадірің бола ма? Уақытша сұлулығыңмен  елітіп, оны ұстап тұру мүмкін бе? Жоқ. Сенен де сұлулар бар. Сен үшін бəйбішесін тастаған еркектен не күтесің? Сенен сұлу жар үшін сені де тастайтыны айна қатесіз шындық.

Гүнай Текин

Түрік тілінен аударған: Мейірхан Мейрамбекұлы

Жағдайымды жақсартамын деп, басыма бәле тауып алам ба деп қорқам
Бұрынғы күйеуімді қатты сағынып жүрмін


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×