Жеңгемді көңілдесімен ұстап алдым

Oinet.kz 25-09-2022 2589

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман! Сіздерден сұрай-тұғын ақыл-кеңесім бар. Менің жеңгем бар. Үйімізге келін болып түскеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Айтсам өзімізді мақтағандай боламын. Дегенмен, өтірік айтып не қылам, айтқанымның ешқайсысы жалған емес. 

Screenshot_12.jpg

Осы уақытқа дейін жеңгемді сыйлап келдім. Үйді сықитып жуып, балаларын шомылдырып, бар ыдысты өзім жалтыратып жуып отырмын. Ал енесі, яғни менің анам нағыз алтын ене. Келініне қалағанын әперіп, алақанына сап отыр.

Ағамның біраз жүрістері болды, иә мойындаймын. Ағамның кінәсін түсініп, жеңгеме қолдау білдірдік. Енді сол "алтын" деп жүрген жеңгемнің жеңіл жүрістерін біліп, қол-аяғым дірілдеп, қалтырап не істерімді білмей кеттім.

Еркек еркектігін жасаса да, отбасының ұйытқысы боп отырған әйел адамның өзге біреумен төсектес болғаны, не сұмдық?! Бауырларымнан артық көрген жеңгемнің бұл қылығын көргенде, менің көзімнен аққан жастың сұрауы мен саны болмаған шығар. Жеңгем деп жүрген салдақы өзінен  6 жас кіші, мен танитын баламен жүріс жасап, жатып жүр екен. Мен оны whatsApp арқылы көріп қалдым. Менің қолымда осы жайлы біраз дәлелдер де бар. Айтыңыздаршы, әпкелер. Не қылайын, не істейін? Басымды қай жартасқа ұрайын? Ағама, анама, "жеңге" аттан садаға кеткір адамның ата-анасына телефон соғып, шақырып, бәріне айтайын ба? Маған сіздердің ақылдарыңыз ауадай қажет.

Жарым жас қыздарға көз салып жүр
Қайын әпкемді өте қатты жек көремін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу