Үйге қонбады

Oinet.kz 29-09-2022 1567

Жасым 21-де. Өзімді қатты жақсы көрген жанға тұрмысқа шықтым. Тойымыз өте есте қалардай өтті. Киемін дегенімді алып берді, бірге тұрған 5 айдың ішінде бар жағдайымды жасады. 

Screenshot_2.jpg

Күйеуімнің жасы 27-де. Өте тік мінез, қырсық, бірақ иманды жан. Орамал тағып жүр ахиретім үшін дейтін. Ақылын айтатын. Жалғыз мамасы ғана бар. Мамасын да сыйлайтын. Бірақ мен қатты ерке болдым, барып оғанда еркелігімді көрсеттім, кішкентай ұрыс болса кетемінге салатынмын.

3-4 рет қайталанды. Соңғы айқай болғанда үйге қонбаған еді сол үшін ренжіп кетемін дегенде неке сақинасын алып қалды да мінгізіп жіберді ауылыма. Ажырас деп отыр енді. Мамасы да ренжіп жазыпты кешірімге берген ақшалардың бәрін қайтарыңдар, маған эксперимент жасауға келген екенсің деп. Қарғап-қарғап дымымды қалдырмады. 

Кешірім сұрадым екеуіненде балалықпен істедім, барайын ұмыттыруға тырысайын осыларды деп кешірім сұрадым. Жоқ мазағың ба деп ұрысып берді өзіме. Енді ажырасуға дәтім бармайды. Қатты жақсы көремін. Қалай ұмытамын оны? Арада бала жоқ. Ұмытуға тырыссам ұмытып кете аламынба? Оның да жақсы көретінін білемін. Ашумен істеп отырма екен? Не істесем екен.

Өзімнен 8 жас кіші, әлі мектеп бітірмеген жігіттің қойнына қалай жатам?
Сонша жыл зарығып күткен махаббатым адал болмай шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу