Кредит алу үшін әйелімен ажырасқан

Oinet.kz 06-10-2022 810

Баяғыда, екі мыңыншы жылдардың бас кезінде кредит алмақ болып банкке барғам ғой. Айлық табысымды өзіме, үш балама және әйеліме шашып жіберді де "кредитке табысыңыз жетпейді" деді менеджер.  

Screenshot_1.jpg

- Енді не істеймін?- деп едім, ақ жейде, сары галстук таққан келіншек:

- Әйеліңізбен ажырасыңыз.. - деп сыбыр ете қалды. 

- Сонда қалай?

- Былай ғой. Әйеліңізбен заңды түрде ажырасасыз. Сотта әйеліңіз сізден "алимент талап етпеймін" деуі керек. Сонда мына табысыңыз кредит алуға толық жетеді. Ал сіз әйел бала-шағаңызбен бірге тұра бересіз! - деді. 

Ары ойланып, бері ойланып, сол әдіспен "ажырасып" алғам ғой. Соңғы уақытта әйелім "Отбасы банктің бір бағдарламасы бар екен. Екеуміздің зейнетақы қорымыздағы ақшаны қосып, балалардың біреуіне үй әперуге болады екен. Заңды некеге тұрайық" дей бастаған. "Ә, сен қу  алдап-сулап маған қайтадан тиіп алмақша екенсің ғой!" деп, өзімше жолатпай жүрдім .

Енді аяқ астынан 4 проценттік несиеге көлік алу керек боп қалды. Содан, бүгін еговқа кіріп, несие тарихымды ақтармаймын ба? Ойыбой, мынандай "тарихпен"... қайтадан тумасам маған енді несие бермейтін сияқты. Алған кредиттерімнің бәрінде 200-300 күн просрочка.  Әлгінде менеджермен кеңескенімде "сізге кредит шықпаса, әйеліңізге шығуы мүмкін. Бізге неке туралы куәлігіңізбен келсеңіз, әйеліңіздің атына да ала бересіз" деген ғой. 

Ал әйелімнің несие тарихы - Еуропаның автобаны секілді. Бір күн де просрочкасы жоқ. Алған кредиттің бәрін уақыт-уақытымен төлеген. Содан, қайтадан некеге тұруға онлайн өтініш беріп, жанталасып жатсам, үлкен ұлым келіп ту сыртымнан қарап тұр екен. "Әке, не істеп жатырсыз?" дейді. "Әй, шешеңмен қайтадан некеге тұрғалы жатырмын" десем, "мәһіріңіз дайын ба?" дейді ғой. Күлкіден жарылып өлдім. Онлайн арызды дереу тоқтатып тастадым. Әйеліме барып, "қайта некеге тұрсақ, мәһір сұрайсың ба?" десем, "мә, қазір ғана 700 мың теңгенің алқасын армандап отыр едім" дейді ол да. Енді бала-шағамызбен қыран-топан күлкіге баттық та қалдық! Олардың не ойлағанын қайдам, ал мен "ойбай-ау, жап-жас тоқал болса бір сәрі-ау" деп ойлап кетіппін! Бірақ ол ойымды дауыстап айтпадым. Қатырып кеттім, ә?

Тоқтар Жақаштың Facebook парақшасынан

Ол әйелдің менен несі артық
Қайын атам бізді ажырастырмай тынбайтын сияқты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу