«Ажырасқан албасты, байына жаға алмаған сорлы»

Oinet.kz 05-10-2022 1791

Құрметті қауым! Бір нәрсені баса айтқым келеді. Ажырасқан, бірнеше күйеуге тиген әйелдерді, бірнеше рет үйленген, ажырасқан еркектерді кінәлаудан аулақ болайық.

Screenshot_6.jpg

Әркімнің өз тағдыры, қиындығы, біз білмейтін өмір жолы бар. Өзгенің өткен өмірін мен, сен, ол өткен жоқпыз, білмейміз.

Ділмарсуға бәріміз шеберміз. Бірақ "ажырасқан"  деп табалауға бір табан жақын адамдар өзінің тағдыры ары қарай қалай болатынын өзі білмейді.

Алла адастырам десе, бір сәтте!

Алла мүгедек қыламын десе, бір сәтте!

Алла барынан айырам десе, бір сәтте!

Ұлым бар, қызым бар, отбасым бар деп кергудің, тағдыры шырғалаң біреуге күлудің қажеті жоқ. 

Алла жүз жыл өмір беріп, көз алдыңда барыңнан айырып, не жаныңды алмай, әбден қинауы мүмкін...

Әсіресе күйеуі (әйелі) бар ақылгөй әйел-еркектер ойланбай сөйлейді.

Где гарантия, что и вашего мужа не отберут?

А где гарантия, что и ваша жена вас не бросит?

Где гарантия, что вы не останетесь одиноким?

Бог велик, захочет - ноги отберет, захочет - глаза отберет! 

Бес баласы бар әйел біреуді өсектеп отыр екен "ажырасқан албасты, байына жаға алмаған сорлы, енді біздің күйеуге тиіспесе болды да" деп. Үш қызының тағдырын қолдан жасай ма екен өзі? Құдіреті күшті ме сонша?

Шынтуайтында, ол өсектеп отырған ажырасқан әйелді жақсы танимын. Кітапханадағы істейді. Жасы келіп, есер, жатыпішер есекке тиді. Екі бала туып, есек күйеуінің күнде ішіп кеп, сабайтынына шыдады. Талай үйінен қашып, екі ботақанымен көшеде түнеген. Есек күйеуі өз бауырларын да тыңдамайды екен, ішсе, бәрін боқтап, сабап, үйіндегі терезелерді сындырады екен. Болмаған соң, қайындары жиналып, келіншекке ақ жол тілеген. Содан үйсіз-күйсіз қалған екі балалы әйел жасы 40-тан асқанда пәтер жалдап жүр. Өте тәрбиелі, асы адал. Оның әдемілігі айналадағы месқарындарға меже болды. Ал сол месқарындардың бибілері қызғанып әлек...

Біреудің тағдырына баға берерден бұрын, ұрпағына баға берсе дейсің...

Гүлжазира Есбол

facebook парақшасынан

Күйеуіммен онсыз да дұрыс емес арақатынасымызды енем тіпті ушықтырып кетті
Қыздың қайтып келуі - өлікті үйге алып келгенмен бірдей...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу