Інілерім, келін балдар төркінге кетіп қалып жатса абыржымаңдар

Oinet.kz 17-10-2022 2400

...Менің бір ішіп келгенімді көтере алмаған жолдасым екеуміз жанжалдасып қалып үйіне кетіп қалды. Тағы да ұрын барып әкелу керек. Жалғыз тұратын енемнің беті қатты. Көнер түрі жоқ. Қызын қорлыққа беріп қоймайды маған. Қызына бай табылады екен де қатынсыз қалған мен ішіп, азып тозып кетеді екенмін.

Screenshot_15.jpg

Құдай сақтасын өзім шошып кеттім. Басыма қонған бақытты ұшырып алыппын-ау. Ха, білмейді екен менің кім екенімді. Тап ол ойлағандай ақымақ жігітің мен емес. Үйіне барсам шытынаған қабақпен қарсы алды. Шай үстінде біраз сілкілеп алды. Үндемедім. 

- Саған ұрғызып қоятын қызым жоқ, шырағым,- деп бастады. 

Мен де намыс бар ғой, Ерегескенде тайып тұрайын дедім де бұратала алып кетейін ел-жұрттан ұят болар деп шыдап өзімді ұстап отырмын. «Сабыр Сәке, сабыр. Сабыр түбі сары қатын».

Бірінші күні шкаф біткеннің есік, топса тұтқаларын қатайтып бұрап түзеп бердім. Плотниктің баласы емеспінбе. Есіктері плотно ашылып, жабылатын болды. Балтасын саптап, пышақтарын қайрап, арасын егеп бәрін қылпылдатып қойдым. Түскі шайда енемнің сөзі кәдімгідей азайып қалды. Тек маған емес арасында қызына да сөйлеп алды. Түстен кейін балшық езіп сарайының  құлаған жерлерін майлап бердім. Жалғыз өзім. Онымен қоймай қорасының құлаған жерін таспен қайта қалап тастадым. Бұл енеме жағып кетсе керек көже әкеліп берді. Екінші күні огородын теуіп, басқа да жұмыстарды копарып тастадым. Біраздан бері еркек қолын көрмеген үй кәдімгідей түлеп сала берді. Кешкі аста енемнің сөзі басқаша болды. 

- Ішпейтін бай болмайды, бір бірлеріңді түсініп өмір сүрсеңдерші.

Ертесіне  қисайып тұрған ағаш қорасын ашып қайта жауып бердім. Тағы не бар... Аа, айтпақшы менің шешемнің хоббиы бар еді. Қазандық сала беретін. Бір тайқазаны бар екен әп әдемі қылып қазандық салып майлап ақтап беріп едік енем тіптен жайылып түсті. Үшінші күнгі шайда енемнің сөзі мынадай болды. 

- Сен қыз бажақтап байыңның бетінен ала берме. Баяғыда біздің шалдарымыз таңға дейін карта ойнап, ішкенде ләм мим демеуші едік. Қолынан дым келмейтін бай болғанда нетер ең. Бар ғой ондайлар...

Ауланың бір шетінде ит жылғы мусор жататын еді. Мен де әдейі не дер екен деп: «мама машина әкеліп ана қоқысты шығарып берейін» деп едім ыршып түсті. «Қой ойбай үш күннен бері тыным көрген жоқсың. Рахмет айналайындар, Болды. Үйлеріңде барыңдар. Әй сен қыз бажақтап...

Мейлі ол мусор ешқайда қашпас. «Жан бар жерде жанжал бар» Ертең тағы осындай жағдай болса бірден соған кірісермін. Міне, құрылысты білетіндігімнің арқасында қайын жұртта қадірімді көтеріп алдым. Ал інілерім. Келін балдар төркінге кетіп қалып жатса абыржымаңдар. Бірден құлаған жерлерін майлап бер. Оған болмаса ауласындағы өсіп кеткен шөптерін қырып тегістеп бер. Оған болмаса отынын жинап кіргізіп бер. Тақа болмаса қазандық салып бер. Ертеңіне екі нән сумкасымен қызын ертіп жібермесе маған кел.

Самат Нарегеев

Әжімбасқа әйел емес, түйе керек
Ақшаның бәрін ұстайтын қайын атам ашуыма тиіп жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу