Ешқашан ер адамдарға сенудің қажеті жоқ екен

Oinet.kz 15-10-2022 7125

Мына өмірде бір көзім жеткен нәрсе - ешқашан еркектерге сенудің қажеті жоқ екен. Біз әйелдер тұрмысқа шықсақ болды, бәрін ұмытып, солардың асты-үстіне түсіп, қатты сөз айтса кешіре саламыз ғой. Ал осылай қиналған еркек көрдіңіздер ма? 

Screenshot_1.jpg

Бір күні өзімнің туған ағамның да бір мекемеде істейтін бойдақ қызбен кездесіп жүргенін естідім. Алғашында моп-момақан, әрқашан қамқор, жеңгемнің алдында жік-жаппар болып тұратын, үш баласы бар ағамның ондай жүрісіне сенбедім. Ағамның өзімен кездесіп, сөзге тарттым. Басы салбыраған ағам «уақытша ғой» дегеннен басқа ештеңе тауып айта алмады. Ағамның шаңырағының бұзылмауын ойлап, ана қызға да барып сөйлесіп көрдім. «Сіздің неңіз кетті» деп қылмыңдаған қызға менің «жеңгеме айтам» деп қорқытқаным әсер ете де қоймаған секілді. Бірге істейтін әріптестері қыздың ағамды аямай пайдаланып жүргенін айтқанда тіпті ашуландым. 

Еркектерге таң қалам. Анандай аяулы әйелі тұрғанда, көзі өтірік күлімдеген, пайдалану үшін жүрген шөпжелке бойдақ қызды қайтеді? Әлде еркектерге алданған ұнай ма? Қыз қарайтындай боп мұнтаздай болып жүрсе сол жеңгемнің арқасы шығар бәрі.

Жақында күйеуімнің де сондай оғаш қылығын көргенде еркектерден тіпті түңілгендей болдым. 8-наурыз мерекесі қарсаңында уатцаппен группалас қыздарын құттықтап отырған. Тамақ істеудің қамымен, балалардың сабағымен, қарбаласып жүріп мән бермегем. Бәрінің тамақтарын беріп, аздап ғаламторды шарлайын, әлеуметтік желілерге кірейін деп ноутбугымды қоссам, жолдасымның уатсабына әлдебір қыздан «Қайырлы түн, күнім» деген смс келіп тұр. Қаным басыма шапты, ашуымды сабырға жеңдіріп қызығушылықпен барлық жазысқан хаттарын ақтарып шықтым. Түннің ортасында ұйқым бұзылып, таң атқанша ұйықтаған жоқпын.  

Бір түнде жолдасымнан суынып кеттім. Түнімен жыладым. Бәріне көзім жетіп тұрған соң, оның үстіне балалардың мазасын алмаймын деп түнде ештеңе дей қойғаным жоқ. Азанда бәрін түсіндіруді өтіндім. Қызарақтап қалды. Жарытып ештеңе деп ақтала алмады. Бар болғаны «әшейін еріккен қыжыртпа әңгімелер ғой, екеуіміздің ұрысуымызға да тұрмайды, кешір» деді.

Содан бері бір аптадай уақыт өтті, әлі сөйлеспей жүрмін. Түн болса теріс қарап жатып қаламын. 8-наурызда сыйламаған гүлін де әкеліп, кешірім сұрады. Бірақ жіби алар емеспін. Мүлдем суынып кеттім. Әп әдемі бір ұл, бір қызымыз бар. Бар болғаны үйленгенімізге 7 жылдай уақыт өтті. Жөнсіз ұрыс шығаратын әдетім жоқ. Бірақ мына әрекетін еш түсіне алмадым. Асылында ер адамдарға мүлдем сеніп қажеті жоқ екен. Ер адамдардан түңіліп кеттім. 

Асыл, Алматы қаласы

alashainasy.kz

Ұлы өзінің үйлену тойында туған әкесін тойханадан қуып шықты
Енеңе не істесең, алдыңа сол келеді екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу