Қазақ қыздарының бәрі бір-бір шетелдіктің қолтығына кіріп алыпты ғой

Oinet.kz 01-11-2022 6909

Өткен сенбі күні көптен кездеспеген бірнеше дос жігіттер әйелдерімізді ертіп бір мейрамханаға отыра қалғанбыз. Бірақ сол кездесуге барғаннан бармағаным жақсы еді. Үйге қаным қайнап, «давлением» көтеріліп қайтты.

Screenshot_8.jpg

(суреттің марериалға қатысы жоқ)

Жағдай былай болды:

Алдымызға келгенді ішіп-жеп, әңгімені жіберіп отыр едік, көрші стөлге үріп ауызға салғандай әдемі қазақтың жап-жас қызы өңкиген шомбал қара бір негрді жетелеп әкеліп отыра қалғаны

Манадан қызып отырған әңгімеміз сап тиылды. Бәріміз аңтарылып әлгі екеуге қарадық та қалдық. Жартылай жалаңаш әлгі қыз айналада үлкен адамдар отыр-ау, қазақтар отыр-ау, ұят болады деген ойында жоқ, дәу қараға еркелеп, асты-үстіне түсіп өліп барады. Еңкейіп құлағына сыбырлап, әлгінің бетінен сүйе ме, денесін түрпектей ме, әбден еркінсіді.

Бізді адам құрлы санап тұрған жоқ. Қайта негрдің ұяты бар ма деп қалдым. Жаман көзбен сүзіле қараған бізден сескенді ме, телефонын шұқылап, біреулермен сөйлескен болып отыр.

Қыздың негрдің артына суламай кіре жаздап отырғанына жыны ұстады ма, жанымдағы досымның әйелі:

— Әй қыз, сенде ұят бар ма? Қазақтан жігіт таппай мына қап-қараны қайдан тауып алғансың, деп бұрқ етті. Қыз сасқан жоқ:

— Апашка, кіммен қыдырамын, өзім білемін. Сенен сұрамаймын, деп қыңыр жауап берді. Онда да орыс тілінде.

— О, сорың құрғыр, мына қаншық қайтеді-ей, шашыңды жұлып қолыңа берейін, деп досымның әйелі жұлқынып орнынан тұрып еді, «қой, қой» десіп, қайтадан зорға отырғыздық.

— Қазақтың мынауский жігіттері бар емес пе, мынаның қай жеріне қызығып жүрсің? Ақшасы бар, бай шығар. Соған қызығып жүрген боларсың, деп бір уақытта менің әйелім шықты.

Жағдайдың ушығып бара жатқанын негр түсінді ме, қолына телефонын алып, қызға «айн момент» деп, біреумен сөйлескен болып, орынан тұрып ары кетті. Әлгі бетпақ қыз біздің әйелдермен тіресіп, айтысып отырып қалды. Ай десе аузы, күн десе көзі бар жап-жас қыздың қайдағы бір қаңғып келген африкалықтың мойнына асылып, өліп-өшіп отырғанына жыным келген мен.

— Қарындасым мұның не? Намыс қайда, ар қайда? Ең құрымағанда түрік болса бір сәрі. Қандасымыз ғой дейтін. Мынауың африкадан қаңғып келген қап-қара пәлекет қой. Жиіркенбейсің бе?» деп дүңк еттім. Қыз тайсалмады:

— Африкадан емес, Франциядан келген. Осында бизнеспен айналысады.

Қазақтың жігіттері сияқты шуаш-тер сасып, таксис болып, арба сүйреп жүрген жоқ. Қалталы жігіт. Қазақтың жігіттері дейсіз, қайда сол жігіттер? Мен студентпін. Курстағы жігіттер бізді қыдыртпақ тұрмақ, бөлмеге келіп, жасап қойған асымызды ішіп кетеді. Онымен қоймай қарызға ақша сұрайды. Өлмей ме, сүйткенше. Міне, біздің қазақтың жігіттері осы. Қайда олар?

Жан-жағыңызға қарашы. Мейрамханада отырған қазақтар көп пе, шетелдіктер көп пе?

Маған тисесіздер, әне ана бұрышта қытайлардың жанында отырған қазақтың қыздарына неге тиіспейсіздер? Ана бір жерде түрік пе, әлде басқа ма білмеймін, сонымен сүйісіп отырған қазақтың қызын көріп отырсыздар. Соларға да барып ақыл айтыңыздар. Бізге тиісе бермей.

Айттым ғой, мен студентпін. Платныйда оқимын. Оған ақша керек. Осы Джон көмектеседі ылғи. Білімді, мәдениетті, түсінігі мол қалталы азамат. Одан мен неге жиіркенуім керек? Ары беріден соң Джон маған дейін менің подрушкаммен жүрді. Қазір ол бір кәсіпкер үлкен кісіге күйеуге тиіп алды. Қазір Джонмен мен жүріп жүрмін. Бұған байға тиейін деп отырған мен жоқ. Оның байлығын, ақшасын пайдаланып жүрмін. Ертең қазақтың бір жігітіне тиермін. Қиын болып па? Ал оған дейін осы жігітпен дос болып жүре беремін, – деп көкбет қыз әйелдермен ұрысып отырып, бар сырын ақтарып салды.

— Сен секілді жәлепті кім алады? Мә саған, деп досымның әйелі қолын шығарды.

— Алады. Алғанда қандай? Артымды жалап жүріп алады. Мен секілді сұлу, сымбатты қыз далада қалмайды ешуақытта! – деп қыз да қыңбады.

Ә десең мә деп қалған қыз екен

Бір уақытта негр қайтып келіп, қыздың құлағына бірдеңе деп сыбырлады. Содан екеуі бізден алыс, мейрамхананың басқа бұрышындағы үстелге барып отырды.

Жан-жағыма қарағанмын. Расында, қазақ жеріндегі мейрамханада шетелдіктер көп екен. Әлгі қыз көрсеткен бұрышта екі мыртық қытайды ортаға алып, төрт қазақтың қызы ыржыңдасып отыр.

Тағы бір бұрышта түрік пе, әлде кавказдық па, біреумен өліп-өшіп тағы бір қазақтың сұлу мекіре қызы отыр. Негр мен әлгі қызға қарап едім, олар да бір-бірін құшақтап, жыртың-жыртың етеді.

Қаным басыма шапты. «Қазақтың қыздарына не болған? Бәрі бір-бір шетелдіктің қолтығына кіріп алыпты ғой», деп досым да біртүрлі болып қалды. Қысқасы

отырыстан ішкеніміз ірің, жегеніміз желім болып, көңіліміз пәс болып қайттық.

Көңілімде қазақтың жас қыздарына деген өзгеше пікір қалыптасты.

«Әй, түбі шіріген жұмыртқа болып шығамыз-ау. Ұлттың ұрығын сақтап қалар қыздар десек, қазіргі қыздарымыздың жүрісі мынау. Ел болмаспыз», деп күрсінгеннен басқа амал қалмады.

Жомарт Төлеш

«Теңін тапсаң – тегін бер» дей тұра неге қалыңсыз шыққан қызды «арзан қыз» дейді?
Көрші келіншек «қазір маған қайыршы қазақтан, қалталы қытай артық болып тұр» дейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу