Енем қалың мал бермегенімен қоймай, жасауымды қайтармай отыр

Oinet.kz 13-11-2022 9150

Өзім оқу бітіріп жұмыс таппай дал боп жүргемде ұзын бойлы, сымбатты өзіммен жасты Айбекпен кездестім. 2-3 ай сөйлесіп жүргесін, Айбек "қой" деуге шамамды келтірмей алып қашып кетті. Құдайдың көрсетіп тұрған жолы шығар, қарайлайтын оқуымды да бітірдім ғой деп ойлап босаға аттаған үйімде қалдым.

Screenshot_6.jpg

Мен бірақ оңбай қателескен екенмін. Артымнан қалың малымды да апарған жоқ. Әке-шешем қалап тиді ғой деп ештеңе демей артымнан жасауымды әкеп берді. Келін боп қонақ күтіп, ақ орамал тағып жүгіріп жүрем бе деп ем, бәрі басқаша болды. 

Айбек те, ата-енем де ішудің түбін түсіретін алкаштар екен. Тамақ жасасам ішпейді. Арақ болса болды. Айбектің студент қарындасы болатын. Ол басыма шықты. Іш киімдеріне дейін маған жуғызып қоятын. Айбек ішіп алып себепсізден себепсіз мені тоқпақтың астына алатын болды. Оған ата-енем мәз болып қарап отырады. Іштері пысса мені шырылдатып жылататынды шығарды. Бір күні Айбек мені өздерімен бірге отырғызып, арақ құйып берді. Ішпейтінімді айтып ем, шашымнан жұлып қинап ішкізбек болды. Құтыла алмасымды біліп, кішкене ұрттадым да, дәретханаға барам деп, үйден кетіп қалдым. 

Содан бері төркінімдемін. Құса өтіп кетті ме басым ауырып, көп жүрсем құлап қала жаздаймын. Онда небәрі үш ай тұрыппын. Төркінімде жатқаныма да үш ай толып жатыр. Айбек іздеп келмеді. Келмегеніне шүкір. Анам артымнан апарған заттарын алып келуге үш рет барды, үшеуінде де ата-енем боқтап-боралап қуып жіберіпті. Сотқа берейін десек заңды некеге тұрған жоқпыз. Енді не істеуге болады? Артымнан барған сонша киім кешек, кір жуатын машина, духовка, қымбат ыдыс-аяқтар бәрі қалды сол үйде...

Бір арудың обалына қалам деп төрт рет шаңырақ көтерсем де, бала сүйе алмадым
Қызымды қайын әпкемнен қызғанам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу