Күйеуім әлі өмірге келмеген баламызды ажал құштырды

Oinet.kz 20-01-2022 2695

Жасым жиырма бірде. Екі жыл бұрын, 3-курс оқып жүргенде тұрмысқа шықтым. Қазір балам жасынан асты. Бірақ күйеуім екеуміздің арамызға бір қара мысық түсті. 

Screenshot_3.jpg

Тұрмысқа қалай шығып кеткенімді білмеймін. Әке-шешем ауқатты құдалардан айырылып қалғысы келмегесін, асығыс ұзатудың қамына кірісіп кетті. Күйеуім Нұржанды тойға дейін 2-3-ақ рет көріп үлгердім. Өзі менімен түйдей құрдас. Ол да, мен де отбасылық өмірге дайын емес едік. Алайда, біздің шешімімізді сұраған жан болған жоқ. 

Иә, ұзатуды карантинде жасырынып жүріп өткіздік. Бірақ тойға ондай мүмкіндік болмады. Мейлі. Жаңа әулетке келіп түстім. Зәулім үй. Бірнеше кәсіп. Бәрі жақсы болады дегенге иманымдай сендім. Бірақ үйде береке болмады. Күйеуім басында жақсы қарап жүрді. Ештеңеден тарықтырған жоқ. Тұңғышыма жүкті кезде тіпті, ата-енеммен бірге құрақ ұшып кетті. Өзімнің тұңғышым, ата-енемнің тұңғыш немересін дүниеге әкелдім. Алайда аяқ-қолды созып жататын уақыт болған жоқ, баламды емшектен шығармай жатып дүкендерінде тұруым керек болды. Әлі күнге дейін тұрып келе жатырмын.

Бар бәле содан басталды. Үйде отқан кезде Нұржанның олқы-солқы тірліктерін біле бермейтінмін. Ұсақ-түйекке ренжіп қалып жатсам, маңдайымнан сүйіп, шоколад беріп алдай салатын. 

Дүкенде баламмен үлгере алмай кеткесін, Нұржан жаныма өзімнен 1-2 жас кіші көмекші қыз әкеп берді. Мен онысына қуанып жұысымды жалғастыра бердім, алайда кейде дүкенге келген клиенттер екеумізге біртүрлі қарайтын. Бір күні күйеуіммен сол қыздың арасында бірдеңе бар деген сыбыс естідім. Көңілге күдік кіргесін қиын екен, көмекші қызды көзімнен таса қылмайтын болдым. Күйеуім үнемі кешке оны шығарып салатын. Мен де кішкене қыз ғой дұрыс дейтінмін. Бір жолы солай кетіп бара жатқанда, дүкенді жауып, арттарынан аңдыдым. Көлікті таса жерге қойып, менің көзіме шөп салып жатыр. Не іістерімді білмей, көзім қарауытып кетті. Көліктің терезесін тоқылдатып ем, күйеуім алқам-салқам киініп көліктен түсті. "Мұнда не істеп жүрсің?",- деп өзіме бас салды. Не дегенімді білеймін үйге келдім. Оның келгенін күтіп отырмын. Таңғы 5 дегенде келді әйтеуір. Мені ұйықтап қалды десе керек. 

Сөйлескім келетінін айттым. Бірақ жүзінде өкініш, ұялу дейтін қасиеттердің табы да жоқ. Бар кінәні өзіме артып, бүлініп-шалынып кетті. Ажырасатынымды, баламды енді көрмейтінін айттым. Қаншалықты оңбаған екенін айттым. Ашуға булығып, боқтап-боралап ең соңында соққының астына алды. Қарап тұрмай мен де  қарғап-сіледім. Ең соңында ішімнен тепкілей бастады. Тосын сый жасап, кейін айтам деп жүрген құрсағымдағы өз баласын теуіп жатты. Әрі қарай ештеңе есімде жоқ. Көзімді ашсам, ауруханада жатыр екенмін. Қасымда енем отыр. Енем аяғымның ауыр екенін білетін. Қаяу мүжіген қабағынан түсіндім, сәбиімнен айырылғанымды. Жыладым-сықтадым. Өтті-кетті. Бірақ мен сол үйде қалдым. Әлі күйеуіммен бірге тұрып жатырмын. Өтірік күлем, өтірік сөйлеймін. Бірақ опасыздығын, ұрып-соққанын, ең сорақысы әлі өмірге келмеген баламызды жер құштырғанын ойласам, жынданып кете жаздаймын. Балама қарап отырып, "әкең сияқты болмашы" деп тілеймін. 

Ал мен енді ешқашан бала туа алмаймын. Мына үйден түбі бәрібір кетемін. Қазір балам кішкентай. Осы жасағанының бәрін Нұржанның алдына келтірем! Қазір соны жоспарлап жүрмін...

Наргиза

Oinet.kz

Күйеуімнің қырқын берген күні тұрмысқа шығуға мәжбүр болдым
Әйелімнің мыстан екенін қалай білмей келгем
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу