Әкем «сендерді жек көрем, жиіркенем сендерден» деп бетімізге түкіріп отырады

Oinet.kz 22-11-2022

Сырымды ешкімге айта алмаймын. Өйткені өз туған әкем туралы айтудың қаншалықты ауыр екенін білсеңіздер ғой. Сондықтан бүгін ішіме сыймаай жүрген жайтты жазып отырмын.

Screenshot_1.jpg

Менің жасым 17-де. Менің проблемам - әкем. Әкемнің жасы 59-да. Көзімді ашқалы әкемнен қорлық көріп келеміз. Бізге көрсетпегені жоқ. Ішеді, шегеді. Менің мамам оның екінші әйелі. Оның бірінші әйелінен 2 баласы бар.

Ал менің анам әкеме алты бала тауып берген. 3 әпкем, 2 інім бар. Анам осы уақытқа дейін әкемнің барлық қорлығына шыдап келеді. Мамамды келін болып түскеннен бері ұрады. 25 жыл бойы солай істеп келеді. Мамам ол кезде жас болды. Әкемді жақсы көріпті, оның үстіне арада бірінен кейін бірі балалар болған соң ажырасу туралы ойламағанын айтады. Қазір анамның жасы келген сайын әкемнің таяғын көтере алмайды.

Әкеміз бізді жек көреді, үнемі сендерді жек көрем, түрлерінді көргім келмейді, жиіркенем сендерден деп бетімізге түкіріп отырады. Біз сонша не істедік деп жылаймыз. Ал ана бірінші әйелінен туған 2 баласын өлердей жақсы көреді.

Кезінде анамды талай рет қолына түскен затпен ұрып, көшені аралап қуып жүретін. Күнде ішіп келіп таяқтың астына алып, ұрып тепкілейтін. Ол кезде біз кішкентаймыз, ештеңе істей алмаймыз. Әлі күнге дейін ішеді, түрін көрсеңіздер бір әжім жоқ, жап-жас. Ал оның қасында анам кәрі, бетінің бәрі әжім, ауырмайтын жері жоқ, жасы болса 45-те. Жүрегінен де ұрып ауыртқан. Баяғыда ұрып тепкілегеннен жынды болып қала жаздаған анам. Дәрігер адам болмайды деген. Бірақ біз үшін бәріне шыдады байғұс анам.

Бізді де ұрады. Ауыр жұмысқа салады. Бұрын 2-ші сынып оқып жүргенде мені ұрғаны әлі есімде. Қалың ағашпен аяғымнан қатты ұрған 2 рет, сосын қолындағы ағашы сынып кеткен соң мені теуіп кетті. Содан кейін біраз уақыт жүре алмай қалғам. Тіземнің артынан ұрған, аяқтарымның бәрі көгеріп кетті. Анам мені жүре алмай қала ма деп қатты қорқып, жылағаны есімде. Бірақ, жүріп кеттім Аллаға шүкір.

Екі жігіттің қайсысын білмей басым қатты
Күйеуімнің бірінші әйелімен бірге тұруға шыдамым жетпей жүр


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×