Күйеуімнің кіммен сөйлесіп жүргенін көргенде естен тана жаздадым...

Oinet.kz 25-01-2022 11138

Жасым жиырма екіде. Тұрмыстамын. Құдайга шүкір, 2 тәп-тәтті қызым бар. Күйеуімнің де мінезі жайлы. Жұмысы да, табысы да жақсы. Бірақ, жұмыстан келгесін телефонға жабысып алады.

Screenshot_7.jpg

Кейін тексеретінді шығардым. Сосын код қойып тастады. "Мақұл" деп үндемей жүрдім. Қолайлы сәтті күттім десе де болады. Кодын байқап қалсам, бірден басқасына ауыстырып тастайтын. Телефонын тексергенді жақтырмайтын шығар деп ойлап жүрдім.

Біз сүйіп қосылған едік. Шаңырақ көтерген алғашқы жылдары жиі қыдырып, ұзақ сырласатынбыз. Әңгімеміз таусылмайтын. Жыл сайын шетелге шығамыз деп жоспарлап, тәтті арманымыз таусылмаушы еді. 

Бір күні күйеуімнің телефонының кодын көріп қойдым. Ол менің көргенімді байқамай қалды. Сол күні жұмыстан шаршап келген. Түнде тұрып телефонын тексеріп көрдім. Сөйтсем өзіміздің ортақ досымыздың күйеуден қайтқан әпкесімен сөйлесіп жүр екен. Бұны білгенде ақыл-есімнен айрылғандай мәңгіріп тұрып қалдым. Өз-өзіме келе алмай сылқ етіп отыра кеттім. Бір стақан жұтым суды әзер ішіп, ой тұңғиығына батып кеттім. Не деген масқара. Мен танымайтын келіншек болса мейлі екен. Күйеуім сөйлесіп жүрген келіншекті мен танимын, ол да мені таниды. Былайша айтқанда құрбымыз. Көрген жерде сәлеміміз түзу. Ол бетіме күліп қарап тұрып, арқама пышақ сұққаны несі?  Олардың бір-біріне жазғандарын көргенде естен танардай болдым. Екеуінен ондай сатқындықты күтпегем. Басқа емес, араласып жүрген құрбымнан ондай шығады деп ойламаппын. 

Кешке күйеуім үйге келгенде ашық әңгімелесемін деп ойладым. Ол жұмыстан келгенде қыздарым алдынан әкелеп жүгіріп шықты. Күйеуім өте балажан. Қос қызын көтеріп ойнап, әбден еркелетті. Бұны көріп ештеңе дей алмадым. Онымен қашан ашық сөйлесерімді білмей жүрмін. Осы бетте қыздарымды алып төркініме кетіп қалсам ба деймін. Бірақ, қыздарымды әкесінен айырғым келмейді. Жүре берейін десем оның опасыздығына жанымды жегідей жеп барады. Не істерімді білмей басым қатып кетті.

alashainasy.kz

Туған ағам анамыз ауырып жатқанда мүлде көмектеспей қойды
10 жылда отбасылық өмірім бұлай өзгереді деп ойламадым...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу