Енем түбі бізді ажыратып тынатын секілді

Oinet.kz 23-11-2022 3690

Мен бүгінгі күні қиын күн кешіп келемін. Әрине, біреуді жамандап, тек өзіңді жақсымын деп айту әдепсіздік. Бірақ өмірде адам ойламаған жайларда болады екен. Біз екі келінбіз. Енем екеуімізді де жақтырмайды.

Screenshot_5.jpg

Екеуімізді бір-бірімізге жамандап отыратын енені бірінші рет көрдім. Сонымен қатар, ағайындарды да жамандап отырады балаларына. Балалары да шешесінің тәрбиесімен өскен. Бізді ешкіммен араластырмайды. Жұрттың бәрін дуа жасайды деп айтып отырады, тіпті бізді де солай ойлайды. Талай сыртымыздан бал аштырғанын анда-санда сөз арасында өзі айтып қалады. Өз туған келіндерін осындай сорақылық жасайды деп ойлағаны несі? Демек, өзі жас келін кезінде енесінен солай жасаған шығар деп ойлап қаламын кейде. Өзі сондай салақ, қызы да салақ. Қызы ажырасып келген, яғни қайын әпкем. Өмірде олардай салақ адам көрмеппін. Өзіне қарап алмай бізге ақыл айтуға ұста, осы байдан келген соң келінге жексұрын болмай тыныш отырса қайтеді екен? Енем күйеуіміздің қалай басын айналдырып алатынын білмеймін, бізге қарсы қойып қояды ғой. Күйеуім келгенде өтірік ауырып жатады, ал күйеуім жоқта қақшаңдап тәуірлене кетеді. Себебі, қой дейтін қайын атамыз бақилық боп кеткен. Мен де кейде шаршап кетемін. Ене өз анаңдай болмайды. Басқа енелерді білмеймін, менің енем өз анамдай маған жаны ашымайды, қайта менің абыройымды шашсам деп жүрген адам. Күйеуім үшін шыдап жүрмін. Бірақ, бізді ажыратып жібере ме деп қорқам. Осы қыздар енелерін жамандай береді деп ойлайтынмын бұрын, енді түсініп отырмын. Басқа түспей ешкім де түсінбейді екен.

Арайлым, Оңтүстік Қазақстан облысы

alashainasy.kz

Жеңгем ағамды алдап жүр
Алып қашқан қызын ертесіне үйіне масқаралап қайтарып жіберді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу