Ақшаның бәрін ұстайтын қайын атам ашуыма қатты тиіп жүр

Oinet.kz 28-01-2022 1549

Жасым 22-де. Тұрмыс құрғаныма 2 жылдың жүзі болды. Ата-енеммен бірге тұрамыз. Отбасылы болмай тұрып елордадағы мектептердің бірінде қызмет істеп жүрдім. 

Screenshot_9.jpg

Тұрмыс құрғаннан кейін де декретке кеткенше жұмыс істедім. Жаңа отбасымның заңы бойынша үйде ақшаны қайын атам ұстайды екен. Қайын апам мен күйеуімнің картасын алып қойыпты. Сәйкесінше, келін болып түскеннен кейін мен де ақшамды қайын атама беруім керек болдым.Өз ақшасын өзі жұмсап, керегін ала салатын мен үшін бұл өте ауыр еді. Күйеуімнің көңілі үшін ұзақ уақыт үндемей, ақшамды беріп жүрдім. 

Бұл шаңырақта бүкіл ақшаға ортақ кассаға жиналады екен. Кассаны қайын атам ұстайды. Бәріміз айлық алып, қосымша жұмыстан тапқан табысымызды ортақ кассаға тастаймыз. Атам оны жинап алып, бәрімізге керек-жарағымызға жырымдап беріп отырады. Артылғанын жинай береді. Сәйкесінше сәнді киініп, дәмді тамақ та жей алмаймыз. Қалаған жерімізге қыдыра алмаймыз. Ақшамыз бола тұра кедейдің күнін көріп отырмыз. Атамның бұл әрекеті есіме Шықбермес Шығайбайды, мыңғырған жылқысы болса да жыртық шапан киіп жүретін сараң байларды елестетеді. Атамның өзі ғана емес, бізде тозып бара жатырмыз. Киімізді жыртылғанша киетін болдық. 

Тіпті балаға берілген жөргекпұлды да тартып алатын болды. Қызымызға бір затты алсақ, екіншісін кейінге қалдырамыз. Қайын атам өз немересінен ақша аяп тұрады. Баланың ақшасын өз керегіне жұмсайды. Соны ойласам, қаным басыма шабады. Қызымның өзге балалардан кем өскенін қаламаймын. Оған бар жақсыны алып бергім келеді. Алайда бәріміз қайын атамның қолына қарап отырмыз. Жұмыс істеп жүргенде де өзіме қажет дүниемді сатып ала алмайтынмын. Күйеуім үйдің жалғызы болғандықтан бөлек шығайық деп те айта алмаймыз. Басым әбден қатты. Бұған қашанға дейін төзуге болады?

Сырласу журналы

Құрбым өзге біреудің күйеуін көп ақшаға сатып алды
Жігітім қайта беташар жасап сені аламын дейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу