Абысыным жаман аты шыққан қыз екен

Oinet.kz 28-11-2022 4468

Күйеуім екеуміз төрт жыл жүріп бас қостық. Оқыған, көзі ашық, тәрбиелі отбасынан шыққан күйеуім мінезі де жаман емес. Жайлы болып жолықты. Мен келін болып түскенімде екі қайынәпкем тұрмысқа шығып кеткен екен. Ол кезде қайынағам үйленбеген, бір қайным мектепте оқитын. Күйеуім үйленемін дегенде ата-анасы «ағаңа қара, сол үйленсін» демей жолын бөгемейік деп дүркіретіп тұрып той жасап басымызды қосты.

Screenshot_5.jpg

Атам да, енем де жайлы, артық ауыс сөздері жоқ, жақсы адамдар. Анамның құйттайымнан құлағыма құйған өнегесін бұл жерде де ұмытқам жоқ. Барынша ізеттілік көрсетіп, ата-енеме бар жағдайын жасадым. Олар да айналайын деп еркелетіп өз қыздарындай қабылдады. ҚайАынәпкелерім де жақсы қызметте, жақсы мен жаманды ажырата білетін көргенді жандар. Өзің жақсы болсаң бір кісілік орын қайда да болса табылады екен. Ол үйге тез сіңісіп кеттім. Құрбыларым сияқты «үйрене алмай жатырмын» деп жылғаным жоқ. Әсіресе енем бір жаққа шықса саған алып едім деп үйге сыйлығын арқалай жетеді. Әке-шешем үйге қонаққа келгенде «қыздарыңызды жақсы тәрбиелепсіздер, көргенді келін алған мен де арман жоқ» деп үнемі айтып отырады. Оған мен төбем көкке жеткендей боламын. Ортаншы баласынан яғни менен бақтары жанғанымен ата-енем үлкен келіндерін түсіргенде ойбайлады да қалды. Қайынағам сөзге сараң, біртоға, сабырлы, жап-жақсы-ақ. Бірақ әйелден бағы жанбады. Тұңғышымыз дүниеге келген соң екі жылдан кейін қайынағам үйленетін болды. Қыздың әкесі бір мекеменің директоры, қысқасы бай, бақуатты екен. Барымызды салып тойға дайындалдық. Алдын тәтті шәйіне барып келгенде енем біртүрлі қабағына қар жауып оралды. Енеммен құрбым сияқты сырласамын ғой. Шәйін қойып, баптап құйып отырмын, әңгімені өзі бастасын деп. Ішінде сыр сақтамайтын енем маған бәрін айтып салды. Қыз тым шошақай, ерке, тәрбиесі кемдеу ме қысқасы енеме мүлде ұнамаған. Шет жағалатын үлкен ұлына айтып көріп еді, ол соған ғана үйленемін деп отырып алды. Сонымен біраз жыл сүрбойдақ болып сүрленіп кеткен баласының бағын байламайық деп ата енем той қамына кірісті. Келін де түсті, абысыным расында бір көргенде маған да ұнаңқырамады. Тікбақай, үлкен кіші екен демей айтып салатын, тым өркөкірек көрінді. Бір жағынан бар жердің қызы болған соң солай шығар дедік те қойдық. Қонаққа келген бір үлкен кісі «жоқ, одан емес, мына қыз көргенсіздігі, тәрбиесіздігі басымдау екен» деп енеме айтып кетіпті. Үлкен келін түскен соң енем бізді қанша қимаса да еншімізді беріп бөлек шығарды. Атамыздың шешімі солай болыпты. Баламды бақшаға беріп бұл кезде мен де жұмысқа шыққанмын. Демалыс күндеріміз бірақ үлкен үйде өтеді. Немересін алып барғанда ата енем мәз болып қалады. Абысыныма сәлем салсам ернін жыбырлатуды да білмейді. Бір жолы «старамодная, колхоз» деп жатқанын естіп қалдым. Содан кейін сәлем салмайтын болдым. Ернімді жыбырлатып сәлемдескеннің ырымын жасаймын да қоямын. Келін болып түскеніне бір ай болмай жатып абысынымның сыры шығып қалыпты. Үй іші қашан барсаң қоқынап жатады. Ыдыс-аяқ жуылмаған, айнала шаң тозаң. Банкте жұмыс істейтін ол өзін жоғары санай ма әлде санасының жеткен жері сол ма, үйдегілерді адам екен деп көзге ілмейтін сықылды. Енем бөлек отырғанымызда «баяғы күнімізге зар болып қалдық қой, кей күндері тамақ та істемейді, аш жатамыз. Мына шалдан обал деп тамақты мен істеп қоямын. Оны жұмыстан келіп ішеді де, тым болмаса ыдысты да жумайды ғой шіркінің» деп келініне қапалығын жеткізді. Абысынымның жыры мұнымен де бітпеді. Ата-енемді былай қойғанда тіпті күйеуінен де сұранбай түнгі клубқа кетіп қалатынды шығарыпты. Қайынағам момын байғұс әйеліне әлі келмейтіні бесенеден белгілі. Құрбыларымен қосылып, түнімен қыдыратыны өз алдына бір жыр. Енем бір-екі рет ескерту жасаған екен, «жұмысың болмасын қақпас» депті. Мына сөзді естіп енем құлап қала жаздапты. Қан қысым көтеріліп кетіп, «жедел жәрдем» шақырып үйдің іші абыр-сабыр болып жатқанда бөлмесінен шықпай қойған келінінен енем мүлдем түңілсе керек. Бір жолы барғанымда енем «баламның басын қор қылған қақбастан құтылар ма екенбіз» деп жылап қалды. Енемді аяп кеттім. Бірақ қолымнан келер қайран бар ма? Бұдан да сұмдығы бар екен, бір жолы күйеуім жолдас жораларымен түнгі клубқа барғанында жеңгесін көріп қалмай ма, сылқия тойып алыпты. Ал күйеуімнің жолдастары «мына түнгі көбелекті танисың ба» деген ғой. Жеңгем деп айтуға намыстанып күйеуім үйге түтігіп келді. Ертесіне ашуланып ағасына барып бәрін жайып салған ғой. Қайынағамның момындығын біліп тиген екен ғой сөйтсек. Мұны естіген енем қойсын ба қайнағамды ортаға алып, ақыры абысынымнан арашалап алды әзер дегенде. Қайынағамның қыз деп алғаны осылайша жаман аты шыққан жүргіш болып шықты.

Ділшат, Ақсу

alashainasy.kz

Енем мен қайындарым ештеңе білмесе де, «бедеу қатын» деп тілдеп отырады
Жігітімді әрең дегенде түрмеден шығарып алдым, ал ол мені тастап кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу