Пәтер жалдаймыз деп қанішерлердің құрбаны болған отбасы

Oinet.kz 01-11-2022 4104

Менің айтайын дегенім, құрбым - Жанаргүлдің басынан өткен оқиға жайлы.  Осыдан сегіз жыл бұрын құрбым тұрмысқа шығады. Ол кезде құрбым мен жолдасында үй болмай, пәтерден пәтерге көшіп жүретін. Тұрмысқа шыққан соң біраз уақыттан соң құрбымның құрсағына сәби бітеді. Айы-күні жетіп құрбым ауруханаға түсіп, аман-есен босанып, ауруханада жатады. Өмірге қыз бала келеді.

Screenshot_9.jpg

Құрбымның сол кезде жаңадан тұрмыс құрған Айгүл есімді құрбысы болады. Айгүл мен күйеуі құрбыма ауруханаға келіп, сөз арасында өздерінің пәтер іздеп жүргендігін де айтады. Жанаргүл құрбым да «тұрып жатқан бөлмеміз өмірге келген сәбиге тарлық етеді, көршілерді мазаламайық» деген ниетпен жеке пәтерге көшуді ойластырып жүреді. Айгүлмен сөйлесе отырып, екі жанұя бірігіп екі бөлмелі үй жалдауды шешеді.

Құрбым ауруханада жатқандықтан, үй іздеу мәселесімен Айгүл айналысады. Құрбымның күйеуі ондай мәселерді шешуге көп араласа бермейтін еді, Жанаргүл - өжет, барлық істі тыңғылықты тындыратын қыз еді.

Сонымен, Айгүл пәтер іздеуге кірісіп кетеді. Күнде Жанаргүлмен хабарласып, мәлімет беріп отырады. Ақыры, он күннен соң босайтын екі бөлмелі пәтер табылып, қыздар иесімен сөйлесіп келіседі. Жанаргүлдің есептеуі бойынша, үш күннен соң ауруханадан шығады, ар жағында бір аптада естерін жиып, жаңа пәтерге көшеміз деп жоспарлап қояды. Ол пәтерге ақшаны апарып, қабылдап алу өз көлігі бар болғандықтан Жанаргүлдің мойнына жүктеледі. Ал, Айгүл болса сол күні сменада болғандықтан бара алмайды. Үнемі үй мәселерін шешіп үйренген қыздар, бұл мәселені де өз мойындарына алады.

Үш күннен соң ауруханадан шығамыз деп отырғанда Жанаргүлдің қызы ауырып, дәрігерлер шығуға рұқсат бермей қояды. Осылайша құрбым бір апта жатады ауруханада. Қызының беті бері қарайды. Енді шығамыз деп отырғанда жетінші күні қызының қайтадан ыстығы көтеріліп ауырып қалады. Сол күні құрбым "Аллам мені осыншама неге қинадың, осыншама неге жылаттың" деп Аллаға назын айтып, қатты жылайды.

Пәтерді қабылдап алуға бара алмайтын болғандықтан Жанаргүл Айгүлге "пәтерден айырылып қалмайық, жұмыстан сұранып сендер барыңдар, ақшаны сендердің үйлеріңе жолдасым апарып тастайды" деп телефон шалады. Пәтерді қабылдап алуға баратын күні қызының жағдайы тіпті нашарлап, баламен есі шығып жүріп Жанаргүл пәтер туралы ұмытып та кетеді. Келесі күні қызы құлан-таза айығып жазылып кетеді. Таң қалған дәрігерлер толық тексеруден өткізіп, үйге шығуына рұқсат береді. Күйеуі мен туыстары келіп, улап-шулап ауруханадан да шығарып алады.

Үйге келген күннің ертеңінде есін жинап, басқа пәтреге көшу туралы білмек болып Айгүлге телефон шалмақ болады. Бірақ, күйеуі жантүршігерлік оқиғаны айтқанда не істерін білмей отырып қалады. Оқиға былай болған екен, келіскен уақытта Айгүл жұмысынан сұранып күйеуін ертіп, алып-ұшып айтқан мекенжай бойынша пәтерді жалға алуға барған екен. Пәтерді көрсеткендер уақытша жалдап алған алаяқтар болып шығады. Ақшаларын тартып алып, Айгүлді кеңірдектен пышақпен орып, күйеуіне де пышақ салып өлтірген екен. Осылайша, пәтер жалдауға барған Айгүл күйеуімен қанішерлердің құрбаны болып кете барады.

"Сол кезде мені сақтап қалған Аллаға алғысым шексіз. Мен баламды ауыртып осыншама неге қинадың деп назымды айтып жылап жүрсем, Алла мені ажалдан сақтандырып тұрғандығын кеш ұқтым" деп құрбым үнемі көзіне жас алып осы оқиғаны барлығына сабақ болсын деп айтып жүретін.

Сағадат, Астана

alashainasy.kz

Күйеуімнің көңілдесінің бетіне кислота шашқым келеді
Соттасып әкесін үйден қуып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу