Күйеуім құрсағымдағы баланы түсірмесем ажырасамыз деп отыр

Oinet.kz 13-12-2022 6803

Әңгімемді неден бастарымды да білмей отырмын. Жаным қатты қиналды. Өмір неткен әділетсіз деп ойлаймын. Бұл дүниеде қаншама сәби сүйе алмай жүрген отбасылар бар. Маған бергенше сондай отбасыларға неге нәресте нәсіп етпейді екен Жаратқан.

Screenshot_3.jpg

Менің жасым 24-те. Бүгінде 3 қыздың анасымын. 18 жасымда тұрмыс құрдым сүйген жігітіме. Жігітім екеуміз мектеп кезінен бастап кездесіп, қыз бен жігіт болып жүрдік. Бірінші курсқа түскен соң аяғым ауыр екенін білгеннен кейін оған тұрмысқа шықтым. Оқуымды кейін жалғастырып алармын, аман-есен баламды дүниеге әкелейін деп шештім. Бірақ оқуымды әлі бітіре алмай келемін. Өйткені бірінен кейін бірі 3 бала көтердім. Тұңғыш қызым 3 айлық кезінде екіншімді қалай көтеріп қалғанымды білмей қалдым. Екіншім де қыз бала болды. Екінші қызым екіге келгенде үшіншім ұл болар деген үмітпен тағы да жүкті болдым. Алайда үшіншім де қыз болды.

Өз анам да, енем де енді біраз уақыт демалғаным жөн екенін, оқуымды бітіріп, жұмысқа тұрып, қыздарым біраз өскен кезде тағы бала көтеріп, ұл туатынымды айтып жұбатты. Бірақ күйеуім ұлы болмағанына кәдімгідей қынжылады. Әсіресе ұлы бар достарымызға қонаққа барғанда солардың балаларымен ойнап, ер балаларды мойнынан түсірмей мәз болады. Өз қыздарын да жақсы көреді, бірақ бәрібір ер баланың орны бөлек деп отырады.

Жақында мен өзімнің төртінші балаға жүкті екенімді білдім. Үшінші қызымнан кейін дәрігерге көрініп, біраз ем алдым. Дәрігер біраз уақыт жүктіліктен сақтануым қажет екенін ескерткен. Бірақ өзімнің салғыртттығымнан дәрігер берген дәрілерді уақытында ішпей тағы да көтеріп қалыппын. Аяғымның ауыр екенін күйеуіме айтып едім, ол міне 3 күннен бері менімен сөйлеспейді. Осыған дейін арамыз жақсы болатын. Күйеуімнің табысы жақсы, мені сыйлайды, қыздарына қамқорлық танытады. Бірақ осы жолы жүкті екенімді білгенде мінезі күрт өзгерді. Ашуланып, маған қыз бала керек емес деп бұлқан-талқан болды. Ол өзі маған түсік тастататын таблетка әкеп берді. Осыны іш, ішпесең ажырасам дейді. Ал мен баламды қимаймын. Тіпті осы балам ер бала боп қала ма деп те үміттенемін. Бірақ егер қыз бала болса қайтем? Онда мені күйеуім мүлде көргісі келмейтін шығар. Дегенмен менің күнә жасағым келмейді. Неде болса тәуекел деп баланы дүниеге әкелгенім дұрыс па? Маған кеңестеріңіз қажет болып тұр.

Құралай, Алматы

Аlashainasy.kz

Құрбымның қылығынан кейін өзіме қол жұмсамақ болдым
Көршілерім «ішіп ап әйеліңді пышақпен қуып жүрсің» дейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу