«Қызыл кітапқа" енетін қызды көрген жігіт тәнті болды

Oinet.kz 06-01-2023 1853

Белгісіз номерден соғылған қоңырауға Алуа жауап беруде. Арғы жағында құлаққа жағымды дауыспен бір жігіт сөйлеп жатыр: 

Screenshot_3.jpg

— Cәлем сұлуым! Қалайсың?! 

— Сәлем! Бұл кім екен?! Біз таныспыз ба?! 

— Сен мені танымайсың. Есесіне, мен сені танимын. Көптен бері сырттай ұнатып жүрмін. Менің үйім бар, көлігім бар. Танысуға қалай қарайсың?! 

— Кешіріңіз, екеуміздің әр сөзіміз тыңдалып, жазылып жатыр. Мен сізбен таныса алмаймын. 

— Рас па?! Кім тыңдап тұр екен? Университетің тыңшылықпен айналысып жүр ме? 

— Жоқ! 

— Әлде, милиция тыңдап тұр ма?! 

— Жоқ! 

— Мүмкін, әкең тыңдап тұрған шығар?! 

— Жоқ! Иығымда отырған Періште әр сөзімді бақылап, жазып отыр! Қиямет күні әр сөзім үшін Жаратушы Аллама есеп беремін. 

…Үнсіздік. Телефон тұтқасы қойылды. Телефон шалған жігіт — Алуаның жігіті Айдар еді. Ол Алуаны сынап көргісі келді. Өз сүйіктісінің адалдығына тәнті болған жігіт, өз қылығына қатты ұялды. Бұндай қыздар жоқ шығар бізде! Бар болса да мыңнан бірі, әлде миллионнан бірі ма екен? Не де болса Алланың салған тура жолынан таймай, адаспай жүрейікші.

«Жесір анаңды үш рет Меккеге апарғанша күйеуге берсең парызыңнан құтыласың»
Ұлы өзінің үйлену тойында туған әкесін тойханадан қуып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу