Қызымның болашағы үшін қатты қорқам

Oinet.kz 16-02-2023 2228

Мен жастай тұрмысқа шықтым кейін арамыз дұрыс болмай ажырастық. Мен өкінбеймін Аллам берген қызым бар. Ажырасқан күннен бастап жолдасым екеуміз мүлдем араласпадық. Содан бері алты жыл өтті. Қызым әкесіз өсіп келеді.

Screenshot_1.jpg

Ажырасқан соң екінші рет тұрмысқа шық деп жеңгелерім үгіттеді. Бірақ ол адам қызымды қалай қабылдайды, қызымның болашағы қалай болады деп тартыншақтап үйленуге сөз салған жігіттің бетін қайтардым. Ал қазіргі уақытта ата-анамнан бөлек тұрамын, ал қызым ата-анамның қолында, табиғи қыздары болып өсіп жатыр Алып кетейін қолыма алайын десем әкемнің көңілін қимаймын.

Менің қызым да атасынсыз ұйықтамайды. Былтыр жазда қалаға қызымды алып келдім атамсыз ұйықтамаймын деп жылап атасына кетіп қалды. Сонда өзімді жалғыз сезіндім Жалғыздық қандай жаман еді. Содан бастап өз теңімді табуым керек деп ойладым.

Жақында бір жігітпен таныстым. Ол да ажырасып кеткен, екі баласы бар екен. Бірақ балаларымен араласып тұрады. Менің оған ешқандай қарсылығым жоқ, дұрыс балаларына барғаны. Мені алаңдататыны басқа нәрсе. Ол мінезі өте қиын. Әңгімені соңына дейін тыңдамастан айқайлап шығады, сабырлы емес бірақ тез басылады. Бірақ ашуланған кезде ұрып жіберетін сияқты қорқам. Менің мінезім қырсық еді бір-ақ күнде басып тастады. Балаға жақын. Енді маған ақыл айтыңыздаршы... Менің қызым ондай мінезді адамға бауыр баса ала ма, қалай ойлайсыздар. Қызымның болашағы үшін қатты қорқам. Екінші рет қателеспеу үшін маған не істеу керек?

Аноним

Alashainasy.kz

Тұрмысқа шыққалы жүрген жігітіме шынымды айтсам қалай қабылдар екен
Мені құрбандыққа шалып, өміріммен ойнаған адамның немересін қайтсем екен?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу