Атам жүкті болып келгенімді бетіме баса береді

Oinet.kz 17-02-2023 3632

Менің жасым 20-да. Бір жыл бұрын аяғым ауыр болып тұрмысқа шыққанмын. Казір бір баламыз бар. Күйеуімнің әке-шешесі мені тек көтеріп калғаным үшін келін етіп алған. Күйеуімнің басында кредит бар екен. Не үшін алғанын айтпайды. Жағдайымыз киын. Өзім жұмыста жоқпын. Жұмыска шығайын десем, балам əлі 1-ге толмады. 

Screenshot_5.jpg

Үйде сол кредиттің кесірінен кунде айқай-шу. Атам күйеуіме жынданып, неше түрлі сөздер айтады. Енді маған баланы ал да өзіңнің үйіңе бар деп отыр. Күйеуің адам болмайды дейді. Əрине, ата-енеме де қиын, оларды жамандамаймын. Кішкентайынан баққан балалары өскенде бір пайдаларын тигізбесе, бəріміз сөйтіп жынданамыз. Атамды аяймын. Өзім жұмысқа шығып көмектесейін десем, баламды қалдыра алмаймын, енем бақпайды. 

Басым қатып кетті. Куйеуім екеуміз ұрсысып қалсақ, атам жүкті болып үйленгенімізді бетімізге басады. Неге келін болдың маған деп сөйлейді. Маған бұл қатты тиеді. Баламды аяймын, болашағы не болады? Əкесі жүріс жүреді, басы кредитте. Бар тапқанын кредит төлейді. Қазір баламның ақшасына күн көріп отырмыз. Ол да 1 айдан соң бітеді.

Не істеймін енді, ақыл беріңіздерші. Күйеуімді жөнге салу үшін кетіп калайын ба? Атам кетіп қал дейді. Сендерді жем қылады бір күні деп баласына ренжиді. 

Бір жағынан ата-енем де маған іштей карсы. Артық əңгіме керек емес, ақылдарыңызды айтыңыздаршы! 

Alashainasy.kz

Жасы үлкен бай келіншекке үйгенгеніме қатты өкінемін
Анамның сүйектерін жинап, көздерін теріп, көміп жатыр...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу