Қайын әпкем менің қызымды өз атына жаздырып, тартып алмақшы

Oinet.kz 22-02-2023 3647

Мен бүгін өзімді жегідей жеп жүрген сырымды сіздермен бөліссем деймін. Көңіліме тиетін артық әңгіменің қажеті жоқ, кеңестеріңізді айтсаңыздар.

Screenshot_1.jpg

Жаcым 25-те. Тұрмыстамын, екi қызым бар, құдайға шүкip. Үшiншi сәбиіме аяғым ауыр. Мендегi мәселе қайын әпкем. Ол кісінің екi ұлы бар, қатерлі ісікпен ауырған, енді ол кісіге бала көтеруге болмайды. Қайын әпкем тұңғыш қызымның кiндiк шешесі, сол қызыма таласып жаздырып беріңдер деп жүретін, сол үшін куйеуiм екеумiз ұрсысып, әрең қойған.

Екiншiмдi босанған соң тағы сұрады, бірақ бермедiк. Күйеуiм де балажан (екiншiм он ай). Ішімдегі балапаныма 3 ай болды. Осы баланы көтергенімде күйеуiм екеумiзден басқа ешкiм қуана қоймады. Себебi екiншiмді қатты қиналып әрең босанғам.

Енем де Алматыға бара сала емделiп, сақтанып жүр, кейін туасың деген еді. Сол үшiн де бiр шетi енем де, қайын әпкем де менің баланы дүниеге әкелгеніме оң қабақ таныта қоймаған соң алдыртам деп те ойладым. "Тусаң ту, бірақ мен қараса алмаймын" деді енем.

Екінші қызым әлі кішкентай, оның үстіне жүйке-жүйем әбден тозып жүр. Қызым мазасыз, өзім де жиі ауырып қала беремін, енді баланы қалай қараймын деп уайымдап жүрмін, күйеуім де мен үшін, менің денсаулығым үшін қатты алаңдайды.

Қайын әпкем куйеуiме "қыз болса, мен алайын, өз атыма жаздырып" дептi. Ақылдасып көріңдер, алдырмаңдар, ұл болса, таласпаймын" дептi. Куйеуiм мәз, алдырғанша осы дұрыс шығар деп, мен де алдырғанға қорқып жүр едiм. Келiстiк, бiрақ жүрегiм ауырып жүр. Қалай қиям өзгеге? Көз алдымда жаман болатын болдым. Басым қатты. Ұл болсын, қыз болсын бергiм келмейдi. Береміз деп айтып қойған соң қайын әпкемнен де ұят, ауырып қалса тағы қиын ғой ол кісі.

Өз мамам да берем деп шештiң бе, бер, ертеңгi күнi ата-енеңе, қайын жұртқа жек көрiнiштi боласың дейді. Не iстеймiн, әбден басым қатты. Күйеуiм анық айтпайды, оған да оңай емес бiр шетінен әпкесi, бiр шетінен мен. Берсек берейік дейді, маған қарап. Ұл болады деп қояды, артынан кiм болса да аман болсын деп қояды. Баланың жынысы әлі белгісіз, Қыз болса қалай берем, қалай қиямын? Сауабын аласың, қуанып сендерге риза болып жүредi кейiн қайын әпкең де деп қояды өз әпкем.

Бiлмеймін, құдай өзi кешiрсiн, бiрақ кейде ойлаймын ешкімге айтпай алдыра салуым керек па едi деп, осылай уайымға салынбай. Сол қайынәпкем екінші кызымды қарап отыр, қазір маған ауыр көтеруге болмайды. Бiр шетi сабағымда сессия басталған. Үлкенiм енемде, өйткені менің бірінші қызым тұңғыш немересi ұлдан.

Сонымен сіздерден ақыл-кеңес күтем.  

Аноним

Alashainasy.kz 

Енем күйеуіме «ажырас немесе өлтір мына қатынды» деп, шаңырағымызды ортасына түсірді
Күйеуім бар тапқанын құмар ойынға құртады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу