Құлдықтан ерекше әдіспен құтылып кеткен патша уәзіріне алғыс жаудырды

Oinet.kz 23-04-2023 806

Screenshot_4.jpg

Ертеректе бір патша болыпты. Сол патша бір күні саусағын кесіп алыпты. Жанына батқан соң ақырып сала береді, сонда, өзінің ең жақын уәзірі жүгіріп келіп, "Не болды, тақсыр?-" дейді. "Саусағымды кесіп алдым" - дейді патша. Сонда уәзірі тұрып: 

"Ее, мұның да бір қайыры бар шығар" - демесі барма. Патша ашуланып, уәзірін абақтыға қамап тастайды.

Содан біраз уақыт өтеді. Бір күні патша азын -аулақ нөкерін ертіп, аң аулауға шығады. Сөйтіп аңшылықтың қызығына кiрiп кетiп, байқамай басқа елдiң шекарасынан асып кетеді. Содан әлгі елдің сарбаздары ұстап алып, сол елдің патшасына алып барады ғой. Сөйтсе бұл елде сондай бiр заң бар екен, тұтқынға түскендердің бәрін құлға айналдырады, бірақ, дене мүкісі бар адамдарды босата салады екен. Сол баяғы саусағынан айырылған патшаны босатады. "Еліңе жете алсаң, бара бер" деп. 

Патша арып-ашып еліне жетіп, ,аяғы уәзірін босатып алып: 

"Сен саусағымды кесіп алғанда, мұның қайыры бар деп едің, шынымен қайырын көрдім, сені түсінбей, бірден абақтыға жауып тастадым, кешiр"- дейді. 

Сонда уәзiрi: 

"Абақтыға жапқаныңыздың да қайыры болды ғой, жаппағаныңызда мен де аңшылыққа бірге шығып, сол елде құл болып қалып қояр ма едім" - депті.

Байқамай көзі қыли жігітке тұрмысқа шыққан қыз оны 8 жылдан кейін байқаған
Алтын ұрлаймын деп онкологиялық ауруға шалдыққан жігіт өксіп кешірім сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу