Қайын атам құшақтап, сүйіп жабысады

Oinet.kz 14-05-2023 12804

Атамның ішетін жаман әдеті бар. Ащы суға сылқия тойып келген күні мені құшақтап, бетімнен, мойнымнан сүйіп, жабысады. Мен үйде декреттік демалыстамын. Күйеуім жоқта талай ұрсыстық та. Жылап та айттым, күліп те айттым. Қояр емес, мені жақсы көретінін де айтты, не істерімді білмеймін.

Screenshot_25.jpg

Күйеуімді боянып, әдемі болып күтіп алғым келеді. Күйеуіме еркелегім келеді. Бірақ, олай жасай алмаймын. Жұбайым күндіз жұмыста, қайын атамнан бәрін күтуге болады. «Неге кетіп қалмайды» дейтін шығарсыздар. Кете алмаймыз! Күйеуім бұл оқиғалардан хабарсыз. Оның жүрегін ауыртқым келмейді. Әрі маған сенетінін не сенбейтінін білмеймін. Не дегенмен әкесі ғой.

Мұндай сұмдықты күйеуіме қалай жеткізерімді білмеймін. Оны жақсы көремін ғой. Сондықтан жүрегін ауыртқым келмейді. Атамды әйел алдыруға көндіре алмадық. Қалай бөлек шығуға көндірсем болады?

Кедей құдамнан қатты ұяламын!
Ауылды ұстайтын апа елді таң қалдырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу