Ерлі-зайыптылар неке түнінен кейін өлі күйінде табылған

Oinet.kz 06-05-2023 2179

Үндістанда ерлі-зайыпты үйлену тойынан кейін жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Қайғылы оқиға Уттар-Прадеш штатында болған, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі India Today ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Басылым мәліметінше, жастар үйлену тойын шаттың солтүстігінде жасаған. Үйлену тойынан кейін 22 жастағы жігіт пен 20 жастағы қалыңдық бөлмесіне кеткен, ал келесі күні олар өлі табылған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша ерлі-зайыпты жүрек ұстамасынан қайтыс болғаны анықталған.

Ақпаратты жергілікті полиция өкілдері растаған. Жүрек ұстамасы нақты неден болғаны белгісіз.

Ерлі-зайыптының мәйіті күйеужігіттің ауылында өртелген.

Мені есейтіп көрсететін киімдердің бәрі әкеме ұнайды
Жолдасымның тоқалы бойжетіп отырған қызымның мазасын алып бітті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу