Бала күнімнен көріп келе жатқаным зорлық пен қорлық, енді жатысым мынау жындыханада

Oinet.kz 01-06-2023 9200

Әкем ерте қайтыс болып кетті. Анам өте жуас кісі, әлі де сондай. Мектеп оқитын кезім еді. Әпкемнің сыныптасы Қ..... есімді жігіт қызқұмар болатын. Ол кезде баламын, әлі оң-солымды танымаймын.

Screenshot_10.jpg

Сол жігіт үй жақа ішіп келеді ғой қатты мас... Ал анам және үйдегілер тойға кеткен. Жалғыз қалғаным есімде үйде... Үйде ешкім жоқ. Ол жігіт үйдің жанындағы бос тұрған там жақа апарып мені зорлады. Күшім әлім келмейді оған... Бірақ бұл ішімдегі сырымды мен әлі күнге дейін ешкімге айта алмадым. Қатты түндерде өксіп жылап шықтым ...

Бірақ осы жағдайдан соң ол жігіттің әкесі ауылда газелмен авария болды. Қанша адам өлді, қаншасы мүгедек болды?! Ақыры олар ауылдан көшіп кетті. Ол жігіт үйленіп, қазір бірнеше баласы бар. Қазір Шымкентте тұрады. Бұл оқиға маған өмірлік сабақ болды. Бірақ өкініш өзегімді өртеп,жанымды жеп бітті. Неге менің тағдырым осылай болды деп.

Қанша рет өзімді өлімге қиғым келген сәттер болды. Қанша рет секіріп кеткім келген сәттер болды. Бірақ, мен олай жасаған жоқпын...

Өмірден жеген таяғым да аз болмапты. 30 жастамын...

Бірақ көрер затым көп екен. Алла тағала ешкімді сынамасын. Сосын тұрмысқа шықтым, ұлды болдым. Бір күні қатты ауырдым есімді білмей қалдым. Сол кезде мені күйеуім жындыханаға апарып тастады .

Ал енді жындыханадағы күнделікті өмір туралы айтайын... Тек ұйықтатып, дәрі берді. Тыңдамасаң дәрігерлер ұрады. Ішінде таяқ та жеп жүрдім... Осылай 28 күн зу етіп өте шықты... Мен қайда жүргенімді өзім білмеймін?! Жындыханадан шыққан соң мен баяғы балам мен күйеуіме, өз отбасыма оралдым. Бірақ бәрі бұрынғыша болмады.

Осыдан соң мені жындыханадан шықтың деп ұлымды да бермей қойды... Ал қазір түнде ұйқысыз өтіп жатқан күндер, балама деген сағыныш, өміріме деген өкпе...

Қазір балам биыл 6 жасқа келеді. Мен жынды емеспін деп бәріне дәлелдім. Жұмыс та жасадым. Бірақ баламнан мені сот айырды ..

Балама деген сағыныш өте ауыр. Сот арқылы соттастым, адвокат жалдадым. Үйің жоқ деп баланы маған бермеді...

Бірақ ата- аналарға, әсіресе қыз тәрбиелеп отырған аналарға айтарым, қызды бөтен үйге қондырып, түнде ешқайда жібермеуге тырысыңыз. Қатты қадағалау керек қыз баланы. Мен ұят болады деген нәрсені көп естіп өскен соң, бұл нәрсені де анама айтудан ұялдым... Ауылды жерде атың шықса біттің бүкіл елге масқара боласың. Қыз өз еркімен шығу деген әңгіме бөлек...Мен де зорлық тақырыбы болып тұр... Қыздарыңыз болса аналар сырласыңыздар... Қырық үйден тиып ұстаңыз!

Ляззат Ракишева Instagram парақшасынан

Нағашымның қатігездігінің арқасында шешем аман қалды
17 жасымда үйдің 6-қабатынан секіріп кетуге мәжбүрлеген оқиғаны есіме алсам...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу