Бір байың мен енеңнің тілін тауып, алдап күн көре алмасаң неғып жүрсің?

Oinet.kz 03-06-2023 3200

Тағы бір оқиға туралы айтайын. Бұл оқиғадағы әйелдің баласы қояншық ауруымен ауырады екен. Апарып қаратпаған жері қалмапты. Бірақ емі табылмапты әлі күнге. Баласының ауруының кесірінен тіпті түнде де тыныш ұйықтай алмаймын дейді әлгі әйел.

Screenshot_3.jpg

Ауру адамды күтіп-бағу да оңай емес. Алайда осы әйелді күйеуі мен енесі екі жақтан талайтын көрінеді. Күйеуі осы жындың адам болады дейсің бе деп күйдірсе, енесі ұлына басың жас, сау бала туып беретін әйел тауып үйлен деп мазасын алатын көрінеді. Үйленсе үйленсін деп төркініне келсе, шешесі: «Бір байың мен енеңнің тілін тауып, алдап күн көре алмасаң неғып жүрсің?» – деп қуып жіберіпті. «Сонымен үш жақты алысып күн кешіп жатырмыз, не істеймін енді?» – дейді әлгі әйел шарасыз күйде.

Мұндай оқиғаларды тізе берсем, өте көп. Мақсатым – біреудің тағдырын жазып жұрттың аяныш сезімін ояту емес, отбасындағы еркектің ролі, жауапкершілігі қайда деген сұраққа жауап іздеу, оқырманға ой тастау болатын. Неге еркектер бәрін әйелдің мойнына іліп қойды? Науқас әйелді ажал сағатын күткізіп, төсекке таңып қоймай, дәрігерден дәрігер қоймай ізденіп, аман алып қалуға болмас па еді? Әйелім үндемейді екен деп ұра беріп міндетті түрде өлтіру керек пе? Аурушаң баланы бағып отырған әйелдің жанын жаралайтын сөз айтпастан, өз баласына бірлесе қарау қиын ба? Бүгінде еркек неге отбасының асыраушысы емес? Неге жауапсыз? Ойланып көрейікші...

Байғұс әйелді байы ұра беріп миын су ғып жіберіпті
Әкем ішсе, маған тиісетінді шығарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу