Абақтыда әйелдерді әйеледер зорлайды - казинода жұмыс істеген қыз

Oinet.kz 09-06-2023 7501

Алматыда казинода жұмыс істейтін қыздар көп. Барлығының мүддесі – долларлап пайда табу. Сондай кейіпкерлердің бірі – Назымгүл Тұрғанбаева Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Назымгүл Тұрғанбаеваның мамандығы – эколог. Өз мамандығымен еңбек ете бастағандағы табысы 20 мың теңге болған.

"Бір таныс қыз казинонаға шақырды. Ол кезде казино ойын орындары Алматының өзінде болатын. Бізге ақшаны доллармен төлейтін. Тапқан табысым 20 жылдық тәжірибесі бар дәрігер анамның еңбекақысынан 4-5 есе көп болатын. Кейін казиноларды Қапшағайға ауыстырды. Жалпы казиноға жібі түзу адам келмейді. Клиенттер өте ашушаң еді. Ауыздарына келгенді айтып, тіпті бізді ұрып жіберген кездер де болды", - дейді Назымгүл.

"Казино иелері төсектес болуға мәжбүрлейді"

Қазақстанда девальвация болғанда, казино ойыншылары жаппай шетелдік казиноларды жағалап кетті. Назымгүл Түркия казиносына да барып жұмыс істейді. Кейіннен Ирактағы жасырын жерасты казиносынан бірақ шығады.

"Қалай Иракқа кетіп қалғанымды білмеймін. Анам қайтыс болғаннан кейін ауыр күйзелісте болдым. Сөйтіп Иракқа жалғыз кеттім. Қорықтым, бірақ анамнан айырылғаннан кейін, маған өмірдің құны бір тиын болды. Ирактың Күрдістан деген автономиясына бардым. Екі ағайынды жігіт ашқан заңсыз казино екен. Біреуі түрікше біледі екен, мен де түрік тілін аз-маз білетінмін. Сөйтіп сол жерге жұмысқа орналастым", - дейді Назымгүл Тұрғанбаева.

Назымның айтуынша, қару асынған Ирактың тұрғындарынан қорқып, жанын шүберекке түйіп жүріпті. Ол аздай онда барған қыздарды казино иелері төсектес болуға мәжбүрлейді екен.

"Миллиондаған ақшасынан айрылып қалғанда, оқ ататын. Зәреміз ұшатын. Казино басшылары да қыздарға тиісуші еді. Бірақ бір-біріне тіс жарып айтпайды. "Менімен төсектес боласың, әйтпесе жұмыстан босатамыз" дейді. Бірең-сараң қыздар жұмыстан кетіп қалды, көбісі амалсыздан келісетін. Мүмкін, мен оларға ұнамаған болармын, мүмкін қыздардың мінез-құлқына байланысты ма кім білсін, маған тиіскен жоқ", - дейді Назымгүл.

"Нәзік жандыларды абақтыда әйелдер зорлайды"

Ирак жерінде жасырын казино көп. Жасырын болғандықтан, ақшаны көп төлейді. Жалпы казинолардың өзінің полициясы бар.

"Тексеру келгенше казиноны тез-тез жасырып жіберіп, дәмхана етіп қоя саламыз. Бір күні біздің жасырын казиноны полиция ұстап алды. Мен ол күні демалыста едім, ал жұмысшыларды полиция ұстап әкеткен. Жақында қазақстандық бір телеарнада шетелде казинода істеп, кейін қашып кеткен жастар туралы бағдарламын көріп қалдым. Кейіпкерлер "біз казино екенін білмей қалдық" деп жатыр. Бәрі өтірік айтып отыр, қайда баратындарын, не үшін баратындарын олар жақсы білді", - дейді Назымгүл Тұрғанбаева.

Назымгүл полицияның қолына түсіп қалмай, аман-есен елге қайтып келеді. Бірақ тергеу абақтысына қамалып, соры қайнап қалған қыздардың да көп екенін айтады.

"Мені Құдай қағып аман қалдым. Ал құрбым сол тергеу абақтысында бір апта жатты. Сол бір аптаның ішінде көрмегені жоқ. Өйткені нәзік жандыларды абақтыда әйелдер жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді екен. Тіпті әжетханаға барудың өзі азап, өйткені аңдып отырады. Досымның айтуынша, күртешесін киіп, етек-жеңін орап алып отырады екен", - дейді кейіпкер.

Тапқан табысын қайда жұмсаған

Назымгүл тапқан пайдасына не сатып алғанын айтып берді.

"Өз басым ақшаны мол табам деп, талай жыл казинода істедім. Бірақ сол ақшаға не алғанымды да білмеймін. Қуғынмен келген ақша сүргінмен кетеді. Бұл - харам іс. Мейлі қыз, мейлі жігіт болсын ешқашан казиноға жоламасын. Өйткені жолдары жабылып қалады. Өз басым сонда істеп жүріп, жыламаған бір күнім болмапты. Одан да таза еңбек етіп, он теңге болсын адал тапсын. Қазіргі күні шетелдерде казиноға барып жұмыс істеп, сорлап жатқан жастар көп, абақтыда отқандары қаншама ", - дейді кейіпкер.

Бедеу едім. Сол гинекологтың ақылынан соң төрт баланың анасы атандым
Шешеміздей әйел адам күйеуімнің басын айналдырып алыпты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу