12 жасқа дейін қорлық көргесін жазықсыз жандарды түсінемін, зорлық-зомбылықты тоқтатқым келеді

Oinet.kz 20-06-2023 486

Screenshot_5.jpg

Құрметті халайық. Баршаға қайырлы күн. Есімім Жарқанат. 1989 жылғымын.

Өмірімде жек көрген қасірет деп ойлаған нəрсем мен үшін қасиет деседе болады. 

Бала кезімнен заң қызметкері болуды армандайтынмын. Жəне халыққа адал қызмет атқаруды. Оқыған оқуым заңгер болсада, мамандығым заманауи стилінде көше биінен ұстаз болдым. (Break dance, popping, robot, dubstep). Бірақ адамдардан жасырын түрде кейбір қылмыскерлерді ұстағанымды аңғарған қауіпсіздік камитеті бірден өздеріне жұмысқа алды. Əрине ол жерде оңай болған жоқ, кез келген істі аяғына дейін тындырмасақ бастықтан сөз еститінбіз. 

Бір күні менде сұрақ туындады. Не себептен олар мені өз қарамағына алды деген. Жақын құрдас бір танысым ол сұрақтың жауабын айтты. Сен кез келген адамдармен тез тіл табысып кетесін деп. 

Осы мен үшін үлкен қасірет болып келген нəрсемді айтатын болсам. Сол нəрсені байқаған мен бірден өз пайдама қарай қолдандым. 17 жасымнан бастап таныстар көбейе бастады. Жас жігіт болғасын көбіне қыздармен тез тіл табысып психология жағынан тəжірибе жинадым. Біздің кезде агент мэйл ру болатын, енді пайда болған кез. Қолымда нокиа 63 00. 

Қасиет десемде болады немесе қасірет болып айналған, соны толық меңгерген мен. Кездейсоқ кездескен қыздардың бəрі маған мұң сырын айтып жылап жеңілденіп қалатын. Бірақ тағдырыма жазылған жастайымнан ерте үйленуге асықсамда жолым болмады. Кімді ұнатсам сол қыз өмірден озатын. Сол үшін өмірдегі ақ пен қара жолақ бірге жүретінін түсіндім. 

Үйленгенге дейін көп деген қыздармен араласып, олардың жеке өмірі жайында білдім. Сол кезде өзімді бір мазахист сезініп, адамдардың қайғы мұңын тыңдап, олардың ауыртпалықтарын өзіме алып ляззат алатынмын. 

Кейін мені жындыханаға жұмысқа алды. Психология маманын оқымасамда тəжірибе 100 % десемде болатын. Бірақ заманауи биімді тоқтатпадым. 

Бір күні бір көреалмайтын мені дуалады. Мен сол кезде өте ауыр хəлде сезінген едім. Үлкен дерт ауыр жүктеу болатын жүрегімде. Бірақ ол дерттен емделдім. 

Негізі айтқым келгені соңғы жылдары түрмеде жұмыс атқару арқылы өз сүйікті ісімді тапқандай болдым. Барлығы осы жерден басталды. 1 апта үйде 1 апта түрмеде. Үйде уақытымды босқа кетірмеу үшін суидцид жəне отбасы мəселесі бағытында психолог болдым. Сол сəттен бастап түсіндім еліміздің жағдайын. Қазір Астана қаласында тұрамын. Осыған дейін 100 ге жуық өмірде болған оқиғаны баяндап кеткен едім ғаламтор желісіне. Бірақ ол жерде өз аты жөнім жазылмауын өтіндім. 

Менің мақсатым зорлық зомбылықты тоқтату. Өзім болса бала кезімде 12 жасқа дейін қорлық көрдім. Сол себептен жазықсыз жандарды түсінетінмін. 

Бұл жазғаным қысқаша бір бөлігі. Өзім жайында ешқашан жазба қалдырмаған едім. Барлықтарыңа жақсы өмір тілеймін шын жүректен.

Жабайы қайынсіңлім шаршатты
Келінді басқа жақтан емес, өз облысыңнан алған дұрыс екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу