Оған мен секілді сүмірейіп қалған жігіттер ұнайды екен

Oinet.kz 23-06-2023 2398

8 ші сынып оқып жүрген кез. Қыркүйек айы. Өзім болса "тормоз" жігітпін. Əйтеуір менімен сыныптастар жақын араласпайтын. Туған күн немесе кешкілік отырыстарға мені мүлде қоспайтын. 

Screenshot_4.jpg

Өзім болса төбелес жағынанда жоқпын, ол кезде атаман болу жекпе жекте төбелестен жеңу абырай болатын. Спорттан да хабарым болмайтын, өйткені жақсы көрсеткіш көрсеткендерді жарысқа алып кететін. Сабақты үздікте оқымайтынмын. Қыбырлап жүрген тірі адамын соны білемін. 

Сол жылы сыныпқа жаңадан бір қыз келді. Түрі арабтардың қас сұлу қыздарына ұқсайтын. 100 пайыз сұлу демеймін, бірақ сұлу қыздардан да қалыспайтын. Өзі салмақты, əзілдіде көтере білетін, мінезге бай десемде болатын.  

Бір күні сыныпта ұлдар қол күресіп кетті. Жаңадан келген қызда қызығушылық танытып қастарына барды. Бір кезде олда олардың бірін қол күресуге шақырған кезде бəрін жеңді. Мен таң қала қарадым. Денесі нəзік қыз болсада барлығын жеңгеніне тәнті болдық. Кейін дене шынықтыру сабағында жаттығу жасаған кезде де бəрімізден озып кетті. Мейлі жүгіру болсын 60 метр немесе 100 метр, əйтеуір қарсыласын шаңынада жеткізбейтін. Жəне арамызда қыз болса да ол футболды да жақсы ойнайтын. Бүкіл спорт түрінен хабары бар екені көрінді, баскетбол, футбол, волейбол, күрес, бокс, турникқа тартылу, отжимание жүгіру дегендей. Бірақ ұлдар ол нəрсесі үшін намыстанатын. 

Солай ол қыз мектепте бүкіл оқушылардың көзіні байқала бастады. Мен болса ойыма қалыптасып кеткен, "мен тормозбын, ешқандай қыз маған қарамайды" деген сөздер. Бір күні үзіліс кезінде қасыма өзі келіп иығымнан ұстап "қалайсың?" деген кезде, түсім бе, өңім бе деп қобалжып қалдым. Ол сол кезде маған қарап күлген еді, "не болды соншама шошып" деп. Содан бастап ақырын сөйлесе бастадық. 

Көрші сыныптағылар ол қыз жайында естіген кезде. Олардың атаманы жекпе жекке шақырды қол күрестен. Сол кезде ол қыздың жеңгенін естіп мен қуанған едім. Талай рет ол қыздың төбелесін көрген кезде таң қалатынмын. Мектепті үздік оқымасада, туа біткен өнері бойында тұнып тұрған.

Содан кейін мектепте ұлдар да, қыздар да одан қорқатын болды. 

Мен ойлайтынмын ол адам емес басқа ғаламшардан келген деп. Өзімде бір рет əзілдесемін деп ұл болсам да байқамай жеңіліп қалғанмын. Қолымды қайырып тастағанда бір жағынан мəз болдым. Оның əдемі қолдары маған тигеніне. Екіші жағынан қолым ауырып қалды. 

Айтпақшы менім қолымнан сурет салу ғана келетін. Сол күні ол қыздың айтқан өтініші бойынша мен оның үй жұмысын орындауым керек болатын. Сол кезде ол мəжбүрлеп үй тапсырмасын күшпен орындатты.

Сол күндерді мен аңда санда еске алып қоямын. Мектепте сабақта өзі тиісетін. Өтпейтін əзіл айтса да күлсей десе күлетінмін. Оған сондай сүмірейіп қалған жігіттер ұнайтынын білдім... 

Қазір ол менім жұбайым, сүйікті жарым. Оған туа біткен Джон Джонстың қарындасы деп айтатынмын. Кейбір кезде ғана жаттығу жасасада күші көп жəне сыртқы келбеті өте ірі болмаса да, бойы мен дене бітімі менімен бірдей. Əрине ол сенімді мен оған ешқашан қол көтермеймін. Жəне көзіне шөп салмаймын. 

Ең алғашқы оны көргенен бастап мен өз көзіме сене алмай жүрмін. Ол менім қай жерімді ұнатқанымды. Соңғы кезде миымды да қатырмаймын, тағдырыма жазылған сол ғой деп жүремін. 

Мен мойындаймын мектепте одан қорқатынмын. Жəне ол маған болысатын. Оның айтқанынан сол себептен шыға алмайтынмын. Кейін білдім ол бірінші күнен мені ұнатқанын.

Жарқанаттың хатынан

Семіздігі үшін сыныптас ұлдардан қорлық, буллинг көрген қыздың жан айқайы
12 жасымда туған әкемді өлтірдім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу