Еркектің энергиясын жинап алдым ба?

Oinet.kz 18-06-2023 2101

Мендегі мәселе жалғыздық. Жасым 24-те, 25-ке таяп қалдым. Біреуден кейін, біреуден ілгері өмір сүріп жатырмын. Аллаға шүкір, көп адамның қолы жете бермейтін жұмыс істеп жүрмін, айлығым да жоғары, еңбектеніп алған көлігім де бар.

Screenshot_2.jpg

Үйімдегілерге де көмектесіп тұрамын. Бірақ мендегі мәселе жұмыс-жұмыс деп, жеке өмірім тыс қалып қойған секілді. Осы уақытқа дейін жігітпен жүріп те көрмеппін. Мектеп бітірген соң, оқуымды аман-есен бітіріп алайын деп жүрдім. Оқу бітірген соң, жұмыс істеп жағдайымды жасап алайын, анама, інілеріме көмектесейін деп жүрдім. Енді анам "жасың болса келді" дейтін әңгімелер айтып бастады. Енді жан-жағыма қарасам, біреудің бойы, сөзі, қылығы ұнамайды. Еш адам жақпайды. Өзімнің мінезім ауырлау, ұнамаса, ұнамайсың деп айта салам. Әріптестерімнің 85%-ы ер адамар, солармен жұмыс істеп, еркектің энергиясын жинап алдым ба деп ойлаймын. Бұлай болуы мүмкін бе?

Анам мені ақша үшін 30 жастағы шалға тұрмысқа берді
Қалталы жігіт мені қызыммен бірге аламын дейді. Бірақ оған өзімді қимаймын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу