Енем мен абысындарым мені күйеуімді маған айдап салады

Oinet.kz 03-06-2023 3165

Сәлеметсіздер ме? Тұрмысқа шыққаныма 2 жылдан асты. Бір үйде ата-енем, 2 абысыныммен тұрамыз. Жалпы 4 отбасы бір шаңырақ астында. Жұрттың бәрі 3 келіннің бір үйде тұрып жатқанына таң қалып, таңдай қағып қарайды. Тіпті, енемді мақтап отырады "келіндерін тату-тәтті, араздастырмай ұстап отыр" деп. Бірақ шын мәнінде бәрі керісінше...

Screenshot_5.jpg

Енем мен екі абысыным қосылып алып мені отырсам опақ, тұрсам сопақ қылады. Күйеуіме не айтатынын, қайдан шығарып алатынын білмеймін. Әрнені бір айтып, шағыстырып отырады. Сосын күйеуім ашуға мініп мені тепкілеп тастайды. Шаршадым. Тіпті, асылып өле салғым келеді. Алайда тілі былдырлап жүрген қызымды аяймын. Оның үстіне, екіншіме аяғым ауыр.

Күйеуіме "бөлек шығайық" десем, шыққысы жоқ. Қара шаңырақта қалмайтынын жақсы біледі ғой, нені күтіп жүргенін ұқпаймын. Енем мен абысындарым ортамызға түспесе жап-жақсы болып жүреді. Жақсы көретінін айтып, құшақтап, аймалап. Екі абысынымның да күйеуі әйелдеріне әйел деп қарамайтын сияқты. Соны қызғана ма білмеймін. Біздің арамыз жақсы болып бастаса болды, бірдеңе ойлап тауып күйеуімі маған айдап салады. Сосын күйеуім жұрттың сөзіне еріп ұрып-соғады да, кейін дым болмағандай жүре береді. Көне беруге де күш керек. Қазір жасым 23-тен енді асса да, өзімді бір қарт әже сияқты сезінем. Ештеңеге зауқым жоқ. Өмір сүргім келмейді. Не істесем болады?

3 жасар қызыммен далада қалғанымды көріп тұрып, нағашыларым үйіне кіргізбей қойды
Күйеуіме екінші әйел іздеймін, асып-тасып, еріккеннен емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу