Бай жігіттен бас тартып кедей жігітке тұрмысқа шықтым

Oinet.kz 01-07-2023 5177

Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы 4 ші курс оқып жүрген кез. Қарап отырсам ауылда бірге оқыған құрбыларым тұрмыс құрып үлгірген. Мен болса əлі жігітпен қол ұстасып жүрмегенмін. 

Screenshot_2.jpg

Шамалы жігітті менсінбейтін мінезім бар. Əке шешем таңдап көрсеткен жігіттерден бас тартқанмын. Соңымнан қалмай жүргендердің де бетін қайтарғанмын. Əйтеуір кездескен жігіттердің барлығының жағдайы болса да, бірақ мақтаншақ бөспе болып шығады. Осыған дейін жігіттермен жақын араласуға тырысып көрдім. Олармен араласуым әрі кетсе 2 аптадан ары созылмайтын. Мінезімнен де бар жəне бұрын сұлулар байқауынан өз туған жерімде жеңімпаз атанған едім. 

Бұл өмірде соңымнан жігіттер жүрсе де, мені сол нəрсе жалықтыратын. Қол жетімді болған сайын бағаланбайды. Осы мінезіме бола отырып қалмасам деп ойланатын болдым.

Арасында әлекметтік желісінде отыратыным бар. Кенеттен көзім бір парақшаға түсіп, астында жазылған ой пікірлерге көз жүгіртім. 

Суретін қоймаған аты жөнін өзге тілде жазып қойған бір адамның түрлі топтарда пікір қалдырғанын жиі байқаймын. Жазып кеткен сөздерін оқысам бір керемет. Менің ойымша оның сөздері басқа ер азаматтарға қарағанда мүлде ұқсамады. Мен оның жеке парақшасын қарап ер адам екенін білдім. 

Бір апта ішінде мен оған өзім жаза бастадым. Жауабы асықпай келгенін көрген мен, ары қарай ол бейтаныс жасырын жігітпен сөйлесу маған қызығушылық тудыртты. 

Бір күні оның байланыста отырғанын көріп. Бірден сөйлесуге кірісіп кетемін. Сөзі тəуір өте ақылды сөздермен жауап беруге тырысады ол бейтаныс жігіт. Таң қалғаным өмірі жігіттерге былай бірінші жазбайтынмын жəне оның түрін көрмесемде, ол жігітке деген қызығушылығым арта түсті. 

Сөйлесуіміз күнделікті жалғасатын болды. Ол байланыста болған сəтте бірінші мен жазатынмын. Ол жігітті көрмесемде, күнен-күнге бауыр баса бастағанымды сездім. Сөйлескенімізге бір апта болмай, мен оған бар шындығымды айттым. 

"Маған көп жігіттер ұнамайды, бірақ сенің сөздеріңе қарасам басқаларына ұқсамайсың" деп.

Солай мен бейтаныс адамды түрін көрмесемде ұната бастадым. Онымен сөйлеспесем бір нəрсе жетіспегендей болатын. Кейін мен одан номерін сұрап, телефон арқылы сөйлесетін болдық. Жазған сөздері мен əңгімесі сай екені көрінді.

Біздің жақын араласуымыз жарты жылға созылып, мені əке шешем басқа бір жігітпен таныстыратын болды. Яғни оның ата анасы мен менің ата анам құда түсеміз деп хабарын жіберді. Сол кезде мен бейтаныс жігітке барлығын түсіндірдім. Одан кейін онымен қоштастым. Əке шешем ол кезде жоспарлаған еді. Өздері таңдаған жігіт ауқатты жерден шыққанын айттып мені соған тұрмықа бергісі келді. 

Мен ол жігітті бірден көріп. Одан бас тарттым. Түпкі ниетім жүрегімнің қалауы бейтаныс жігіт болды. Əке шешем разы болған жоқ олардың таңдағанынан бас тартқаным үшін. Солай уақыт өтіп оқуымды да аяқтадым. Актерлік мамандығымды бастадым. Қанша жерден бала кезде армандаған нəрсеме қол жеткізсемде. Көңіл күйім мүлде болмады. Уақыт өткен сайын жүрегімнің қалауына қарсы шыға алмадым. Шыдай алмағанымнан бейтаныс жігітке қайта хабарластым жарты жылдан кейін оқу бітіргесін. Əңгімеміз ұзаққа созылмай екі күн сөйлестік. Сол кезде түсінген едім. Ол мені мүлде сүймейтінін. Маған деген еш сезімі жоқ екенін. Сондай үмітпен оған хабарласқанымда, ол менімен сөйлескісі келмеді. Көңіл күйім түсіп кетті. 

Оқуымды аяқтағаныма 1 жарым жылдан асты. Жасым 23 те көп болса. Үміт үзілген, енді ешқашан тұрмыс құрмаймын деп өз өзіме уəде бердім. Бір күні ойламаған кезде бейтаныс жігіт менің жаңа парақшама хат жібергенің аңғардым, менің қуанышымда шек болмады. Содан біз 3 ай телефон арқылы сөйлестік. Мен болса сол уақытта оған барлығын ашық түрде айтып тастадым.

"Мен ұзақ сөйлескім келмейді бостан босқа" деп түсіндірдім.

Сол кезде ол өзі басқа қаладан келіп алып кетті. Бірінші рет оны бетпе бет көруім. Орта бойлы қара торы жігіт екенін аңғардым. Мен ойлағандай иманды əрі дінге жақын болып шықты. Осыған дейін үйленбеген жəне арын сақтап қалған жігіт болып шықты. Əке шешем қанша жерден қарсы болса да. Олар күйеу баласын көргенен кейін өздері де түсінді. Одан тыс менің қырсық мінезім себеп болды. Айтқанан қайтпайтын. 

Өзім жағдайым болса да. Оның кедейлігіне қарамай тұрмысқа шықтым. Қазір 12 жыл болды отау құрғанымызға, 2 ұл 2 қыздың анасымын. Арамызда ұрыс-керісте болады. Қайта татуласып қызықты кездерде бірге өткіземіз. Ең басты əке шешем жолдасымның жағын алады арамызда келіспеушілік болған сəтте. Мен өкінбеймін өз таңдауым үшін.

Жарқанаттың шығармашылығынан

Байдан қайтқан қатынды алып нем бар еді?
Ағам өзінің белсіздігін бізден көретін сияқты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу