Қарағандыда жігітімен кездесуге барған әйел жалдамалы пәтерде көз жұмды

Oinet.kz 10-07-2023 2280

Қарағанды облысының Саран қаласында жігітімен жалдамалы пәтерде кездесуге барған әйел көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Нalyq-uni.kz порталына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Әйелдің өлімін полицейлерге жігіттің өзі хабарлаған.

Жігіт әйелдің еш себепсіз қайтыс болғанын айтқан. Оның шақыруымен пәтерге жеткен полицейлер төсектегі мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін анықтады. Ешқандай сынық, жарақаттар болмаған. Жігіт өзара кикілжің мен жанжал да болмағанын алға тартып отыр.

"Бұл факті тіркелді. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Қарағанды облысының полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

«Патриот» Telegram арнасы облыс прокуратурасына сілтеме жасап, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 104-бабы («Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру») бойынша тергеліп жатқанын хабарлады. Марқұмның жігітінен куәгер ретінде жауап алынып жатыр

Әкем «сендер ауырымызды жеңілдетер деп едік, олай болмады» деп жалғыз ұлын үйден қуып жатыр
Әкемді анамның туған келіні тартып алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу